Жауапкершілік жүгі жеңіл емес

ҚТЖ келбеті
14.07.2023, 09:26
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміз Сарышаған электрмен жабдықтау дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұржан Кенжеғараева – аймақтағы теміржол мекемелерінің ішінде қоғамдық жұмыста ысылған кәнігі кәсіподақ жетекшісі.

Көптің сеніміне ие болып, көңілден шыққаны сол болар, өткен жылы қайта сайланып, ұжымдағы өзінің беделі мен абыройын дәлелдеді. Нұржан Сарманқызы ұжымның кәсіподақ басшылығына қайта сайлануын өзінің жеңісі деп бағалағаннан гөрі, жауапкершілік жүгінің ауырлай түсуі деп қабылдағанын айтады.  

– Кәсіподақтың жұмысы мазасыз, әркез абырой әпере бермейтін жұмыс. Ұжымда қанша адам бар, сонша талап-тілек болады, ұжымдық шартта көрсетілген жеңілдіктер мен көмектердің түгел берілуі сөзсіз, одан бөлек адамдарға анау керек, мынау керек, түрлі еңбек дау-дамайы болады, екі арада дәнекер болатын да кәсіподақ. Біздің жұмыста жан-жақты дипломат болу керек, – дейді.  

Алматы өңірінің тумасы Нұржан 1982 жылы Сарышаған локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Дауылбай Ізтілеуұлына тұрмысқа шығып, жол бойындағы тораптық станцияға қоныс аударады. Мектептен соң сауда ісі мамандығын алған ол теміржол дүкеніне сатушы болып орналасады. Теміржолшы әулетке келін болған соң Нұржан да осы салаға дендеп еніп, кәсібін игеріп, 1997 жылы Сарышаған электрмен жабдықтау дистанциясына электр энергиясын өткізу бойынша бақылаушы болып жұмысын ауыстырады. Еті тірі, пысық келіншек бүкіл ұжымға ұнайды, келе-келе бірде-бір шара онсыз өтпейтін болады. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, қоғамдық жұмыстың ортасында жүретін елгезек келіншекті ұжым бірауыздан кәсіподақ төрайымы етіп сайлайды. Міне, содан бері де талай жылдың жүзі болды, Нұржан өзіне деген сенімге селкеу түсірген емес.  

– Өкініштісі, жолдасым 2003 жылы өмірден өтті. Жалпы, Кенжеғараеавтар әулеті ұрпақтар сабақтастығын үзбеген әулет. Енем Сабикүл Кенжеғараева өмір бойы Техникалық қызмет көрсету бекетінде вагон қараушы болып еңбек етіп, сол жерден зейнетке шыққан-тұғын. Ол кісі 2002 жылы өмірден өтті. Қазір ұл-қыздарым да әулеттің ата кәсібін жалғастырып келеді. Ұлым Қуаныш Кенжеғараев 2005 жылдан бері локомотив пайдалану депосында электровоз машинисі болып еңбек етеді. Қызым Эльмира ҚазАТК «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы қаласында экспедиторлық компанияда менеджер-тарифтеуші болып еңбек етіп келеді. Кәсіподақ жұмысы өзіме ұнайды, қоғамдық жұмыс болғанымен оның да өз қызығы бар. Кәсіпорындағы әр жұмысшының өмірі көз алдыңда өтіп жатады. Еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайларын зерделеу, кәсіпорын ардагерлерімен арада байланыс орнату, жас мамандарға бағыт-бағдар беру, спортта немесе басқа да жарыстарда жеңімпаз болып жатқан жұмысшыларды ынталандыру, бәрі-бәрі ұжымның алдындағы есеп секілді. Десек те, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген әріптестеріммен ақылдаса, кеңесе отырып, қыруар шаруаларды атқарып келеміз. Ортадағы түсіністік, сыйластық да осындай ынтымағы жарасқан ұжымның арқасында ешқашан жоғалмақ емес, – дейді кейіпкеріміз.  

 

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды