Ерлікпен пара-пар еңбек

ҚТЖ келбеті
01.08.2023, 09:48
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол саласында қашан да қайнаған еңбек. Станцияларға бірі келіп, бірі кетіп жатқан пойыздарды қабылдап-жөнелтіп отыратын станция кезекшілері мен операторлар, диспетчерлер қызметінен бөлек алуан түрлі жүк тиелген құрамдарды ағытып-жалғап, сұрыптап отыратын пойыз құрастырушылар еңбегі нағыз ерлік.

Жыл он екі ай қандай ауа-райы болса да түзде жүретін осы бір кәсіп иелерінің жұмысы қауіпті де қатал. Биыл өңірде ауа райы аса қолайсыз болып тұр, шілденің басында ауа температурасы 40-тан асып, кей жерлерде 50-ге дейін барды. Міне, осындай қатты ыстықта шыжыған күн астында, қызып тұрған вагондармен жұмыс істейтын пойыз құрастырушылар еңбегі ерлікке пара-пар.  

Дәулет Пұсырмановтың Ақжайық станциясында пойыз құрастырушы болып істеп жүргеніне екі жыл. Ол М.Тынышпаев атындағы ҚазККА жоғары оқу орнын бітірген. Жолдамамен Атырауда еңбек етіп жүр.  

– Туған жерім Қызылорда облысы, жолдамамен осында келдім. Жұмысым жақсы, өзіме ұнайды. Жұмыс қиын, ауа-райына қарамаймыз. Бірақ ыстыққа да, суыққа да үйрендік. Ұнатқан мамандығыңның ауырлығы болмайтын сияқты. Қатты қиналып бара жатсаң, не денсаулығы кеміп, жайың болмай тұрса, демалуға рұқсат. Өз қауіпсіздігіңді ойлауға ешкім тыйым салмайды, қайта еңбек шартында оған рұқсат берілген, – дейді ол.  

Пойыз құрастырушылардың жалақысы соңғы жылы айтарлықтай өскен. Станция басында ыстық-суық суы бар душ, тамақ ішетін орын да бар. 12 сағат жұмыс уақыты белгіленген. Осы мерзімде екі аяққа тыным жоқ. Станцияға күніне жүз шақты вагон келеді, соларды маневрлік тепловозбен бірге ағытып-жалғау, сұрыптау керек. Арнайы киіммен жүз пайыз қамтылған. «Ол жағынан проблема жоқ. Мысалы, аяқ киімің жыртылып қалса, тез жаңасын береді. Үстіміздегі киім де солай. Алаңсыз жұмыс жағдай жасалып отыр. Тек қауіпсіздікті сақтап, жұмысыңа жауапкершілікпен қарасаң болды» дейді Дәулет. 40 жыл еңбек өтілі бар Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Рахымбердиев Жамбылдың ұстазы сынды. «Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржолшы үшін қолайсыз немесе ауа райы деген болмайды, кез-келген уақытта дайынбыз. Жазда күннің ыстығына, қыста суығына үйренгенбіз» дейді кәнігі теміржолшы.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды