Әке жолын қуған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
02.08.2023, 11:52
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін теміржолшы мамандығы кез келген адамды баурап алатын ерекше қасиетке ие. Сондықтан болар елімізде әулетімен темір жол саласында тер төгіп жатқан жандар өте көп. Бұл мамандық әкеден балаға, тіптен немересіне дейін беріліп, бірнеше буын теміржолшылар шығып жатқанын көріп жүрміз. Атасы мен әкесінің жолын қуып, теміржол саласында еңбек етіп жатқан жандардың бірі – Дастан Жұрқабаев.  

Кейіпкеріміз Дастанның атасы Жұрқабай Жабықбаев Құсмұрын дистанциясында жол шебері болған. Ал әкесі Асан Жабықбаев Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясы СОБ-да аға электр механик болып жұмыс істейді. Жас жігіттің болашақ мамандығын таңдауға темір жолда жұмыс істейтін атасы мен әкесі ықпал етіпті.

«Бала кезімнен теміржол саласын жақсы көріп өстім. Әкем жұмысына сирек ертіп апаратын, сол кезде оның жұмысын сырттай бақылап, қызыға қарап отыратынмын», – деп еске алады теміржолшы.  

Дастан қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінде қызмет етіп жатыр. Негізгі жұмысы теміржол автоматикасын пайдаланумен, динамикалық кәсіпорындарды қажетті материалмен және жаңарту құрылғыларымен (дизельдік генераторлар, электр жетектері) жабдықтайды.  

Жас маман жұмыс барысында үнемі әкесімен кеңесіп, оның көп жылдық тәжірибесіне арқа сүйейтінін айтады.

«Әкем темір жол саласында 40 жылдай еңбек етті, мұның өзі көп нәрсені айтып тұр. Оның жеке өмірдегі және жұмыс барысындағы мол тәжірибесі – мен үшін үлкен бағдар», – дейді Д.Жұрқабаев.

Жұмысына тиянақты теміржолшы қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысуда. Үнемі ізденіп, жаңашылдыққа жаны құмар жас маман «100 жас есім» жобасының қатысушысы. Бұл жобаға қатысу арқылы өзге аймақтардағы жас мамандармен өзара тәжірибе алмасып, білімін жетілдіре түскенін айтады. Одан бөлек қолы бос кезінде спортпен шұғылданып, достарымен футбол ойнағанды ұнатады. Сондай-ақ ҚТЖ-ға қатысы бар барлық волонтерлік шараларға қатысып тұрады.

Басты ұстанымы – біліктілігін арттырып, еңбекте мол тәжірибе жинау. Мықты маман болу үшін адамдар жұмыстың қай түрі болмасын қорықпай қабылдап, білім мен тәжірибені бойларына сіңіре білуі керек деген ойда.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады