Жол шебері «Құрметті теміржолшы» атағына ұсынылды

ҚТЖ келбеті
03.08.2023, 09:48
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысының Құрманғазы ауданы – мал өсіріп, егін салуға, жалпы айтқанда ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Мұнда шағын өзендер мен көлдер де көп. Сулы, нулы жер. Біздің кейіпкеріміз Асқар Ертаев осы өңірде, ауыл шаруашылығы мамандарының отбасында дүниеге келген.

Дегенмен, оған тағдырын темір жолмен байланыстыру бұйырыпты. Ресейдің Астрахань облысымен шекаралас Котяевка селосының Крупская атындағы мектебін 1985 жылы бітірісімен көп ойланбай Гурьев теміржол техникумына оқуға түседі. 1988 жылы әскерден келген соң оқуын жалғастырып, оны 1990 жылы техник-жолшы мамандығы бойынша бітіріп шығады.  

Ганюшкино жол дистанциясында жол жөндеуші болып еңбек жолын бастаған жас маман бригадир, жол шебері, жол бапкері, жол өлшеу шебері сынды мектептен өтті. Қазіргі уақытта №7 телімнің жол шебері.  

«Асқар Ертаев сауатты маман. Әсіресе жол шаруашылығында «Oliver Wyman» тәсілін жүзеге асыру бойынша инфрақұрылымды басқару мен пайдаланудың жаңа жүйесін тиімді енгізуге зор үлес қосты. Нәтижесінде 2 128 түйіспе мен рельстердің ақауы жойылды, жол сапасы жақсарды, жолдың жоғарғы бөлігінің материалдары үнемделіп, пойыздың жүрісі жақсарды. Оның учаскесі ескі шпалдардан тұратын, күрделі жөндеу уақыты өтіп кеткен телім бола тұра жол сапасы «жақсы» деген бағаға ие. Сондай-ақ Асқардың телімінде қоршау салынбаған, соған қарамастан ол малдың жолға шығып кетуіне жол бермей отыр. Оның жігіттері жауапты жұмыс істейді, жолды қадағалап отырады», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы А.Рахмеденов.  

Ісінде береке, сөзінде адалдық, жұмысында жауапкершілікті ұстанған Асқар Қайыржанұлын биыл басшылық «Құрметті теміржолшы» атағына ұсыныпты.  Ұжымдастары оны ол атаққа әбден лайық деп санайды. 1996 жылы отбасын құрған жолшы жігіт – бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған берекелі шаңырақтың иесі.    

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды