Даңқты теміржолшыға ескерткіш тақта қойылды

ҚТЖ келбеті
03.08.2023, 11:43
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енген атақты теміржолшы Әуесбаев Тыныштықбай Омарұлына ескерткіш тақта ашылды. «Жол салудың шебері» атанған Құрметті теміржолшының есімі өзі еңбек еткен Ақтөбедегі ғимарат маңдайшасына мәрмәр тасқа қашалып жазылды.  

Шараға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев бастап, барлық теміржол мекемелерінің басшылары түгел қатысты.  

Кеңес үкіметінің «Еңбек Қызыл Ту», Қазақстан Республикасының «Парасат», «Барыс», «Халықтар достығы» ордендері мен «Қазақстан теміржолшысы» белгісімен марапатталған біртуар тұлғаның ерен еңбегі ел есінде.    

«Тыныштықбай Омарұлы Қазақстандағы ірі теміржол құрылыстарының бастауында жүрді. Соның ішінде «Хромтау-Алтынсарин», «Өзен-Түркіменстан» теміржолдарының құрылысына тікелей қатысты. Ол кісінің темір жолға деген адалдығы керемет еді. Осындай жанның көзін көріп, тәрбиесін алған біздер бақыттымыз», – деді Бөріхан Беркімбаев.  

Ескерткіш тақтаның ашылуына Тыныштықбай Омарұлының 50 жылдық еңбек жолында бірге қызметтес болған үзеңгілес достары, артынан ізін жалғастырған інілері мен үш ұлы келді. Үш баласы да әке жолын жалғаған теміржолшы.  

Шара кезінде құттықтау сөз алып, естеліктер айтқан әріптестері оның салаға адалдығын, бір сөзділігін, жауапкершілігін сөз етті. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау секілді бес облыста теміржол ғимараттарын салған еңбегін атады.  

«Азамат есімі ел аузында жүрсе, жастарға үлгі. Тыныштықбай Омарұлының өмір жолы, еңбек жолы белестерге толы тарихтың бір беті. 1970-80 жылдары қазақ темір жолы тығырыққа тіреліп, тасымалдау процесі қиындаған тұста еңбек еткен азамат. Батыс Қазақстан темір жолын құрылыс алаңына айналдырды, иен далаға жан бітірді. 60 жасында Хромтау-Алтынсарин жолының құрылысына қатысты. Оның еңбек жолын есте ұстау – бүгінгі жастардың міндеті. Ер есімін ардақтаған үлкен шаралар жалғаса берсін», – деді ардагер теміржолшы Кенжехан Үсембеков Кенжехан.  

Жылы лебізге толы құттықтау тілектерді естіген теміржолшының жұбайы басын иіп тұрып, әріптестеріне алғысын айтты. Жұбайы Гүлбарам Әуесбаева да темір жол саласынан алыс емес.  

«Құрметті теміржолшылар, сіздерге алғысым шексіз. Бір адамдай жүгіріп, еңбек еткен жеріне ескірткіш-тақтасын қойдыңыздар. Ол кісі 50 жыл темір жолда адал еңбек етті. Оның еңбегін тірі кезінде халық та мемлекет те бағалады. Бүгін үш ұлы да осы шараға қатысып, әке жолының адалдығын, еңбегін естіп тағы бір марқайды», – деді Гүлбарам Әуесбаева.

Тыныштықбай Омарұлы Әусебаев 1941 жылы 11 тамызда Қызылорда облысының  Тасбөгет елдімекенінде дуниеге келген. Орта мектепті бітірген бозбала көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген. 1966 жылы Ташкент көлік инженерлері институтының азаматтық құрылыс факультетін аяқтап, еңбек жолын Қызылорда өңіріндегі құрылыс-монтаждау пойызында өндіріс шебері болып бастаған. Әрі қарай іс жүргізуші, прораб, мекеменің бас инженері болды. 1973 жылдан қазақ темір жолының Ақтөбедегі «Жолқұрылыс» Тресінін бас инженері, онан әрі басшысы болып енбек етті. Жауапты маман «Батыс Қазақстан темір жолы» басқармасы бастығының кадр жоніндегі орынбасары қызметін де атқарды.

2000 жылы «Теміржолқұрылыс» АҚ Батыс аймағы филиалының директоры болды. «Хромтау-Алтынсарин» теміржол желісінің құрылыс жобасына басшылық жасады. 2009 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Маминнің арнайы бекітуімен «Өзен-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» кешенді құрылыс жобасына басшылық жасады. «Қазакстаннын үздік адамдары» энциклопедиясына енген Тыныштықбай Омарұлы Әуесбаев 2019 жылдын 9 тамызында дуниеден озды. Ерен еңбегімен ел аузында қалған тарлан теміржолшы есімі енді мемориалдық тақтада мәңгі қалады.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда