«Таңыбай батыр» әнұранын жазған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
16.08.2023, 10:28
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Темір жол саласында еңбек етіп жатқан жандар арасында тұла бойы өнерге толы шығармашылық адамдары өте көп. Қолөнерші, суретші, спортшы, биші мен әншілер де жетерлік. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз бала кезден өлең шығарумен әуестенген танымал ақын  Роза Сүлейменова. Мойынты станциясында  20 жылдан бері жұмыс істеп жатқан теміржолшының өлеңдері жергілікті халыққа кеңінен танымал.  

Роза Жұбатқанқызы Қарағанды облысы Мойынты кентінің тумасы. Қазір аталған станцияның үш бағытта жүретін поездарының  тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі аға  операторы болып жұмыс істейді.  

Кейіпкеріміз станцияда туып, өскендіктен ата-анасы да темір жолда жұмыс істеген. Әкесі 16 жасынан бастап вагон қараушы болып еңбек етіп, сол жерден зейнетке шығады. Қазіргі таңда ағасы Ержан да  Балқаш жол дистанциясының бас инженері болып қызмет атқарады.

Роза өз әңгімесінде ақындық отбасымыздағы тоғыз баланың ішінде осы Ержан ағасы екеуіне дарығанын айтады. Көзкөргендер ақындық өнер аталарынан берілгенін айтып жүреді екен.

Тума талант иесі бала кезден өлең шығара бастаған, шығармашылыққа қатысы жоқ салада қызмет еткенімен жыр жолдарын жазуды тастамай, керісінше дамыта түскен. Тіптен, көптеген әннің сөзін жазған, атап өтсек, туған жері Мойынтыға арнап жазған көптеген өлеңдерімен қоса «Мойынты вальсі», «Сарышаған вальсі», «Мектеп вальсі», сондай-ақ жергілікті «Таңыбай батыр» руының Әнұранын жазып, есімі асқақтай түседі. Тіпті көршілес балықшы ауылы Тасаралға да арнап шығарған бірнеше өлеңдері мен әні де бар екен. Станциядағы мерекелік кештер қазір теміржолшының сөзіне жазылған әндерсіз өтпейді. Әр жерде Таңыбай батырға қатысты жиындар Роза жазған Әнұранмен ашылады.  

2021 жылы ақынның «Өлеңім – менің өнерім» атты жыр жинағы жарық көрген. Арасында фейсбук желісіндегі өз парақшасына өлеңдерін жариялап отырады.

Розаның жұбайы Кәсен де 30 жылдан бері темір жолда жұмыс істейді. Екеуі төрт бала тәрбиелеп жеткізген. Өсіп-өнген отбасы қазір балаларынан сегіз немере сүйіп отыр. Теміржолшының ақындық қасиеті жалғыз ұлы Әбілқайырға  да дарыған екен, ол да ара-тұра жыр шумақтарын шығарып, мүшәйраларға қатысып қоятыны бар, дейді Роза анасы.

Мақаламызды Роза Сүлейменованың Теміржолшылар күніне арнап жазған құттықтау өлеңімен түйіндесек.

 

Теміржолшылар күнімен құттықтау!

 

Алысты жақындатқан ердің ойы,

Ұзарар жол қысқарса елдің қолы.

Қанша жыл бұдан бұрын орындалған,

Қажетті Мойынты-Шу темір жолы.

 

Келемін Мойнты-Шу ауылым деп,

Жалғаған бар әлемді бауырым деп.

Тоқтамас жүрегінің  дүрсілі бар,

Болашақ ұрпақ үшін ұраным деп.

 

Куәгер  темір жолым екі ғасыр,

Бойында тарих боп нелер жатыр.

Аңсаған бабалардың армандары,

Бәрі де орындалып келе жатыр.

 

Бойына темір жолым қан жүгірткен,

Көркіне тұрақталған сәнді көктем.

Тасыған ел байлығын жеткізем деп,

Үстінен бар байлығым жүріп өткен.

 

Әрқашан орындалып ел тілегі,

Қабылдап, келетінге қол береді.

Тынымсыз тіршіліктің егесі боп,

Кеткенге, ақ тілекпен жол береді.

 

Жатады сәт сапарға жолын төсеп,

Жетілген тұла бойы ұлы есеп.

Жаңарса техника сапасымен,

Жаңалық келген сайын көңіл өсет.

 

Жасы бар жуық ғасыр темір жолым,

Елімнің тоқтатпаған өмір жолын.

Ағайын құтты болсын,теміржолшы

Қуаныш, ұлан-асыр ұлы тойың.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды