Еңбек түбі – зейнет

ҚТЖ келбеті
04.09.2023, 15:47
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биылғы Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні кеудесіне «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін қадаған Шөлдала станциясының бастығы Асқарбек Телғараев 18 тамыз күні мерейлі 63 жасқа толып, зейнетке шықты.  

Жамбыл бөлімшесінің басшылығы мен әріптестері болат жолда қырық бес жыл тер төккен теміржолшыны зор құрметпен шығарып салды. Т.Рысқұлов ауданы Тасшолақ елді мекенінде дүниеге келген Асқарбек Есбергенұлы біраз жыл көршілес қырғыз теміржолында еңбек етіпті. Бішкек қаласындағы теміржол училищесін бітіріп, 1977 жылы Бішкек станциясына жұмысқа тұрады. Ол жылдары Бішкек жол бөлімшесі Алматы темір жолына қарайтын. Сосын жолдаушы пойызына жолсерік болып ауысып, 2003 жылы елге оралғанға дейін Бішкек станциясында пойыз бастығы, өндірістік оқыту нұсқаушысы, жолаушылар пойызының, қозғалыс қауіпсіздігінің бақылаушысы, Бішкек-1 вокзалының бастығы, бас инженер, Беловодск станцияларының бастығы сынды бірталай қызмет атқарған.    

Асқарбек Есбергенұлының елге оралсам деген арманы тек 2003 жылы орындалады. Кейіпкеріміз алдымен Астанада Қырқыншы станциясының бастығы, одан кейін Көкшетауға ауысып, Шагилинка станциясын басқарады. 2019 жылы туған жеріне оралғанға дейін Нұр және Казиевка станцияларына жетекшілік етеді.    

Зейнет жасына жақындаған кезде туған жерге ат басын бұрып, Жамбыл бөлімшесі Шөлдала станциясына басшылыққа келеді.

– Болат жолдың бойында өстік. Ол кезде Луговой мен Меркіден Бішкекке пойыздар ағылып жататын. Содан арман қуып Бішкектен бір-ақ шықтым. 26 жылдай көрші елде еңбек еттім. Кешегі демалыс Бішкекке барып келдім, қырғыздық әріптестер де зейнет жасыммен құттықтап шақырған екен. Бірақ Қырғызстанда зейнет жасына қай салада болмасын 40 жыл еңбек етсең болды, шығара береді. Белгіленген жас жоқ, – деп қуанышымен бөлісті кейіпкеріміз.    

– Өмір жолыңызға қарасам, негізінен станцияларда басшылықта көп болған екенсіз. Саланың майталманы ретінде айтыңызшы екі елдің теміржол саласында қандай айырмашылық бар екен? – деп сұрадық тәжірибелі теміржолшыдан.  

– Айырмашылық өте үлкен. Қазақстанда сала қарқынды дамып жатыр, өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технология қозғалыс қауіпсіздігін, техникалық білім мен еңбекті қорғауда тың реформаларға жол ашады, – деп ой бөлісті кейіпкеріміз.    

Қырық жылғы еселі еңбегінің жемісін көруге аттанған теміржолшымен ұжымы қимай қоштасты.  

 

 

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды