Қозғалыс саласының майталманы Төрехан Өтеғалиев 70 жаста

ҚТЖ келбеті
26.12.2023, 10:35
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысы темір жолында аянбай еңбек етіп, айшықты із қалдырған жандардың бірі Төрехан Өтеғалиевті әріптестері мерейлі 70 жасымен құттықтады.

Бүкіл өмірін темір жолға сарп еткен ардагер 1979 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын темір жолды пайдалану мамандығы бойынша бітіріп, еңбекке араласқан. Еңбек жолын Гурьев станциясында тауар кассирі болып бастаған ол қозғалыс саласының барлық сатысынан өтті: жүк қабылдап-жөнелтуші, станция кезекшісі, кірме жолдар бойынша аға инспектор, станция бастығының жүк жұмысы жөніндегі орынбасары, тағысын тағы қызметтерді абыроймен атқарды.  

Өңірдегі ең ірі деген Махамбет, Ақжайық, Атырау станцияларын басқарды, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде жүк бөлімінің бастығы, кейін бас инженер болды. Қырық жылға жуық еңбек жолында бірде-бір сөгіс алып көрмепті. Әріптестері оны еңбексүйгіш, сауатты, талапшыл, күрмеулі өндірістік оқиғалар кезінде оңтайлы шешім қабылдай алатын қабілетті де іскер жан деп бағалайды. 42 жасында «Құрметті теміржолшы» атанды. Әріптестері мерейтой иесін құттықтап, теміржол саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасы амандығын, немере-шөберенің қызығын көруді тіледі.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды