Мен теміржолшылар әулетінің үшінші буынымын – вагон қараушы

ҚТЖ келбеті
19.01.2024, 10:51
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бурабай курорты станциясындағы ВЧД34 мекемесінің вагон қараушысы Сергей Вознюк – былтыр бірнеше рет ақау тауып, сыйақыға ұсынылған теміржолшылардың бірі. 18 жылдық тәжірибесі бар вагон қараушы осы станцияда туып-өскен, ата кәсібін жалғастырып келе жатқан династия өкілі екенін мақтан тұтады.

Сережаның атасы осы станцияда от жағушы, слесарь, токарь болып еңбек етсе, әкесі өмір бойы машинист болған. Осындай әулетте дүниеге келген ол 2005 жылы қазіргі вагон пайдалану депосына слесарь болып жұмысқа кіріп, бүгінгі таңда 6-шы разрядты вагон қараушы болып тәжірибе жинақтады. Соңғы алты жылда кәсібіне маманданып, талай рет вагондардан ақау тауып көзге түсіп келеді. Мысалы, тек өткен жылы ол үш ақау тауып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Бірінші ақауды өткен жылы 16 сәуірде тартым қысқышынан анықтаса, екіншісін 25 шілдеде ұзындығы 110 мм болатын сызатты автотізбектен тапты. Үшіншісін былтыр желтоқсанның соңына таман тартым хомутынан анықтаған. Бәрінде де сыйақыға ұсынылып, еңбегі басшылық тарапынан жоғары бағаланды. Жылжымалы құрамнан ақау табу кез келгеннің қолынан келе бермейді, оны тәжірибе жинақтаған маман болмаса, байқамауы мүмкін. 

– Ақау табу – мол тәжірибе мен қырағылықпен келеді. Өзім осы салада көптен бері жұмыс істеп келе жатқандықтан ақауды анықтау аса қиын емес. Әрі бұл біздің жұмысымыз және қауіпсіздік жолындағы зор жауапкершілік. Соңғы ақау бос вагоннан табылды, ол Екібастұзға қарай бағыт алған ресейлік ашық вагон екен. Дереу вагонды ағытып, жөндеу цехына жөнелттік. Түнгі ауысым кезі болатын. Тәуліктің қай мезгілі болса да ақауды қалт жібермей анықтай алсақ, жұмысымызды адал атқарғанымыз. Жалпы бір ауысымға 6-8 вагон қараушыдан шығамыз. Бір ауысымда әрқайсымыз 10-20 пойызды, яғни 1100-1800 вагонды қарап шығамыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Станцияға келіп тоқтаған жолаушы және жүк вагондарын қарап, жан-жақты тексеріп, өте маңызды жұмысты атқарамыз, соның өзі бізді ынталандырады, әрі әкем мен атам істеген салада мен де несібемді тауып, отбасымды адал еңбекпен асырап жүрмін. Мен теміржолшылар әулетінің үшінші буынымын, – дейді вагон қараушы. 

Сергейдің бүгінде 3 баласы бар, олардың әзірге әке жолын жалғастырары немесе басқа жолды таңдайтыны белгісіз. Қалай болса да ата-анасы оларды қолдайды. Өзі осы жылдар ішінде талай рет алғыс хат пен құрмет грамоталарына ие болған. Болашағын туып-өскен мекенде теміржол бойындағы осы қызметімен ғана байланыстырады. 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады