Атыраулық теміржолшы «Жыл адамы» атанды

ҚТЖ келбеті
29.01.2024, 13:05
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар – жан-жақты белсенді халық. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етіп отырған сала мамандарының үні азаматтық қоғамда да жиі естіледі. Атыраулық теміржолшы Мұрат Ізмұқанов «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» республикалық байқауына қатысып, жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау бойынша өткен байқауда 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталған  Мұрат Жұмабайұлы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бөлімінде жетекші инженер болып еңбек етеді. 1973 жылы 18 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген кейіпкеріміз еңбек жолын 1990 жылы «Тұрғын үй-91» бағдарламасы бойынша құрылысшы болып бастаған екен. 1994 жылы Ақтөбе теміржол бөлімшесінің Каспий өңірлік орман шаруашылығында, 1998-2007 жыл аралығында Атырау теміржол вокзалының жүк бөлімінде, жүк вагонының жолсерігі, электромеханик, шебер болып жұмыс істеді. 2007-2014 жылдар аралығында бас инженер лауазымын атқарды. Еңбегі бағаланып, «Жыл маманы-2013» белгісімен марапатталды. Көлік және коммуникация, жоғары технология колледжі мен Қазақ қатынас жолдары универститетін тәмәмдаған жоғары білімді маман. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бөлімінде жетекші инженер қызметінде.    

Мұрат теміржол саласының мамандары «сегіз қырлы, бір сырлы» бола алатынын да дәлелдеді. Шығармашылықпен айналысып, өлең жазатын жігіт «Тіршілік тынысы» атты кітаптың авторы. Жырлары газет, журнал беттерінде жарияланып тұрады. «Мәдениет саласының үздігі», «Үздік маман» төсбелгілерінің иегері.

Президент Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша облыстық үгіт-насихат бригадасы құрамында болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық істерге белсене қатысқаны үшін «Жыл адамы» республикалық байқауының жүлдегері атанған теміржолшыны Атырау магистральдық желі бөлімшесі ұжымы мен кәсіподақ ұйымы құттықтап, еңбекте табыс, отбасында амандық тіледі.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды