Логистика білгірі

ҚТЖ келбеті
07.03.2024, 12:36
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей өңіріндегі 2-ші класты учаскелік Дегелең станциясының бөлімше бойынша жүк тиеудегі үлесі 50 пайыз шамасында. Негізгі жүк көмір – аймақ экономикасының өсуіне зор ықпалын тигізуде. Ал осы жүктердің еліміз бен іргелес мемлекеттерге логистикасын ұйымдастыру – Самал Тұрсынханованың мойнына артылған міндет. Ол Дегелең станциясы бастығының логистика бойынша орынбасары.  

Сондықтан Самал Көшкінбекқызын қашанда қайнаған еңбектің бел ортасынан табасыз. Биыл 75 жылдығын атап өтетін осынау станцияда кейіпкеріміздің жұмыс істеп жатқанына ширек ғасырға таяпты. Осында туып-өсіп, теміржолшылар отбасында тәрбиеленген. Заманында Семей ядролық сынақ полигонының құпия нүктесі саналған станцияның тарихын бес саусақтай білетін бірегей маман.  

– Дегелең станциясының тасы 187 шақырымдық Ақсу – Дегелең теміржол желісі іске қосылған сәт, 2001 жылдан бастап өрге домалай бастады. Алғашқы жолаушылар пойызы мен іргедегі Қаражыра кенішінің ашылуына байланысты жүк тасымалы да осы жылдары жүргізіле бастады. Жыл санап станция ауқымы кеңейіп, жөнелтілетін жүк көлемі де артуда. Осыдан біраз жыл бұрын көмір тасымалын жазғы мезгілден бастау шарасы қолға алынып, сәйкесінше жұмыс барысы тіптен ширай түсті, – дейді Самал Көшкінбекқызы.  

Ең алғаш ол станцияға жүк пен багажды қабылдаушы болып анасының қасына жұмысқа тұрыпты.  Қара жұмыстан қағазбен жұмыс істейтін кеңсе қызметіне дейінгі барлық сатыдан өтіпті. Осы қызмет сатылары оның тісқаққан тәжірибелі маманға айналуына себепші болды.  

– Қаражыра көміріне тапсырыс берушілер қатары жыл санап артып келеді. Қосымша тапсырыстар көп. Дегелең станциясындағы жүк цехында қашанда қарбалас тірлік. Осы кезде біз логистика және тасымалды ұйымдастыру ісінің білгірі Самал Көшкінбекқызының мол тәжірибесіне арқа сүйейміз. Аға буын өкілінің жастарға үйретері көп, – дейді станция бастығы Талғат Баширов.

Станциядағы жұмыс туралы еркін сөйлесетін Самал Көшкінбекқызы өзі хақында көп сөзге жоқ екен. Мақтағанды ұнатпайды. Әйтсе де, әр жылдарда Семей ЖТ бөлімшесі басшылығынан бастап, ұлттық компания басшылығы, Курчатов қаласы әкімдігінің тарапынан алған марапаттары мол. Десек те, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде әріптестері ең әуелі Самал Тұрсынханованы құттықтайды. Осының өзі майталман маманның ұжымдағы орны мен абыройын айғақтаса керек.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады