Ерекше кәсіп иесі

ҚТЖ келбеті
08.03.2024, 12:55
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Рано Юнусованың теміржол саласында тер төгіп келе жатқанына отыз жылдан асты. Еңбекке араласқан бастапқы екі жылы Арыс қаласындағы РЭС-242 мекемесіне тиесілі болса, еңбек өтілінің қалған жылында Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Қызылсай тартымдық қосалқы станциясының «отымен кіріп, күлімен шығып» келеді. Яғни 1988 жылдан бергі мызғымас не деген табандылық дерсіз?!. Бірақ бұл жайт – тұрақтылықты ту еткен теміржолшы қауымы үшін қалыпты жағдай.

Осы күнде Рано Халматқызының Қызылсайдағы қосалқы станцияда электромеханик әрі жедел кезекші міндетін мінсіз атқарып келе жатқанына бақандай 24 жылдан асқан. Осылайша ширек ғасырдан бері жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру ісіне үздіксіз үлес қосып келеді.  

«Біздің міндет – маңызды мәселеде шұғыл шешім қабылдауды қажет етеді. Оған қоса мұның артында орасан зор жауапкершілік жүгі жатыр. Өйткені жоғары кернеулі электр энергиясын дер кезінде діттеген тұсқа бағыттап, қауіпсіз қозғалысқа ұйытқы болмасаң, ел экономикасына үлес қосу былай тұрсын, әп-сәтте өзгенің өмірін ойран етуің әбден мүмкін. Сондықтан да қабылданған әр шешім өте маңызды екендігін ескеріп, ерекше сергек жүруіміз қажет», – дейді ол.  

Қызметтік міндеті электр желілерімен тікелей байланысты жандар үшін үп еткен жел де, жылт еткен жауын тамшысы да сарыуайымға айналатыны сөзсіз. Өйткені кәсіби міндетін шын ықыласпен жүзеге асыратын жандар үшін бұл жазылмаған заңдылық шығар, бәлкім. Тіпті жұмысына жан-тәнімен берілген мамандарға мұндай жағдай оның өмірі мен көңіл-күйіне әсер ететінін қайтерсің.  

Бір қызығы, Шеңгелді мен Түлкібас темір жол телімі аралығындағы қосалқы станцияларда еңбек ететін теміржолшылар санатында жаны нәзік электроэнергетиктер мүлдем жоқ. Демек, Рано Халматқызын заты әйел болса да, оңтүстік өлкедегі ерекше мамандық иесі деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ Рано Халматқызының жұбайы – Бахадыр Юнусов та өмірін теміржол саласына арнаған азамат. Олар бұл күнде өсіріп, жетілдірген ұл-қыздарынан оншақты немере сүйген бақытты жандар.  

«Қырық жылдық мол тәжірибеміз бола тұра, мұндай жетістікке жетуімізге ұжымдағы әріптестеріміздің қосқан үлесі шексіз. Сондықтан да біз әріптестерімізге риясыз ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Елімізде күні кеше ғана Алғыс айту күні өтті емес пе?! Бұл мереке де айтулы оқиға болғандықтан барша отандастарымызға зор алғыс білдіреміз», – дейді олар.  

Юнусовтардың ұзақ жыл бойы сіңірген ақ адал, маңдай тері Ұлттық компания басшылары тарапынан да елеусіз қалмаған. Рано Халматқызының айтуынша, әр жылдары алған алғыс, марапаттың ішінде ең ерекшесі өткен жылы іске асқан көрінеді. Ерлі-зайыпты теміржолшыларға Ұлттық компания тарапынан арнайы жолдама ұсынылып, емдеу-сауықтыру кешенінде отбасылық демалыс ұйымдастырылыпты. Бұл да ақ адал бейнеттің зейнеті болса керек.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты