Ақжайықтың аруы

ҚТЖ келбеті
08.03.2024, 12:56
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, отбасында көрген тәрбие адамға өмір бойына азық болатыны ақиқат. Біздің кейіпкеріміз Қамажай Дүржанова теміржолшылар отбасынан шыққан. Әкесі Жұбаныш пен анасы Жұпар да Гурьев жол дистанциясында ұзақ жылдар бойы жолшы болып еңбек еткен жандар.

Бір шаңырақ астында өскен бауырларымен бірге Қамажай да темір жолдың қиындығы мен жауапкершілігін кішкене кезінен көріп-біліп өсті. Содан да болар, бүгінде бір шаңырақтан бақандай жеті адам теміржол саласында еңбек етеді. Қамажай 1982 жылы Гурьев темір жол техникумына теміржол шаруашылығының құрылыс және пайдалану факультетіне оқуға түсіп, 1986 жылы жол технигі деген мамандық алып шығады. «Теміржолшы мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Мен үшін еңбек орным сарқылмас білім кені, өмір мектебім іспеттес. Өйткені мен осы салада жүріп өндірістің алуан түрлі қыр-сырын ғана үйренген жоқпын, сонымен қатар өмірлік сабақтар да алдым. Бастысы – өз ісіме адал болуға тырыстым» дейді ол.  

Қамажай алғашқы еңбек жолын жол жөндеу мекемесінен бастайды. Жолдың жарамдылығын бабында ұстау – жолшылардың басты міндеті. Шақырымдарды жаяу аралап, рельстің орнықтылығын, шпалдардың бүтіндігін, бұрандалардың бекемдігін тексеріп жүру, бір сөзбен айтқанда жол қауіпсіздігін қадағалау күнделікті әдетке айналған жұмыс. Сол саланың маманы болғасын да ол ісіне адалдығымен қызмет етеді. Содан кейін құрылыс-шаруашылық бөлімінде біраз жылдар жұмыс жасайды. 2008 жылдан бастап күні бүгінге дейін Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының жөндеу технологиялық учаскесінде СОБ электромеханигі қызметін атқарады.  

«Қамажай Жұбанышқызы өте салмақты, орнықты адам, жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды. СОБ құралдары мен қондырғыларының дені сол кісінің қолынан өтеді. Яғни жол бойындағы байланыс саласының бекем болуы, аспаптардың үздіксіз жұмыс жасауы – соның арқасы. Өндірістегі орны айрықша маман», – дейді цех бастығы Сәлима Жұматова.  

Ұяң мінезді Қамажай Жұбанышқызы ұжымда сыйлы, үлкенге ізетті, кішіге қамқор жан. Білгенін жастарға үйретуден жалықпайды. Ол – отбасында да бақытты ана. Жолдасы Әділов Есен де Қарабатан станциясында еңбек етеді. Екеуі бір ұл, бір қыз өсіріп, олардан немере-жиен сүйіп отырған бақытты ата мен әже.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады