Жұмысына адал жұлдыз

ҚТЖ келбеті
08.03.2024, 13:04
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша «Солтүстік тармақ» аталатын Семей – Локоть теліміндегі пойыз қозғалысы тым жиі. Сондықтан да ондағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін теміржолшылар қауымына қырағылық аса қажет. Осы ретте аталмыш телім бойындағы Дүйсекен станциясындағы теміржол өткелінің кезекшісі Жұлдыз Есенованың қызметі еселі.

Түрксіб бойында, әйгілі Жарма өңірінде өмірге келген Жұлдыз Оразханқызы бүгінде отбасымен бірге теміржол саласында еңбек етіп келеді. Жұбайы Оралбек пен күйеубаласы ПЧ-39 мекемесінің білікті жолшылары. Ал өзі Дүйсекен станциясындағы өткел кезекшісі қызметін ойдағыдай атқарып келеді.  

– Теміржол өткелі – қауіптілігі аса жоғары нысан. Әсіресе түнгі ауысым барысында аса қырағылық керек. Әсіресе көлік жүргізушілерінің теміржолдан өту ережесін жиі бұзатынын ескерсек, қатердің аяқ астынан болуы ықтимал. Жалпы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау үшін қатаң тәртіп пен сақтық, кәсіби біліктілік қана емес, осынау жолдағы өз мамандығыңа деген сүйіспеншілік те қажет. Сонда ғана өз қызметіңді мүлтіксіз атқарып, жұмыс орнында өткізген уақыт бақыт әкеледі, – дейді Жұлдыз Оразханқызы.  

Жұлдыз ауысыммен жұмыс істейтіндіктен тәуліктің тең жарымын, өткел басында, пойыздар мен автокөлік тер ағынының арасында өткізеді. Жаздың аптабы мен қыстың аязында темір жолдың ортасында еңбек етудің қаншалықты машақат екенін жақсы біледі. Қызметтегі жауапкершілік орасан, мүлт кетуге болмайды. Сондықтан мереке күндерін де ұмытуға тура келетін кездер жиі болады.  

– Қызығы мен шыжығы мол бұл жұмыстан денсаулығын күйттеп бас тартып жататындар да бар. Ал қызмет барысында кездесетін сан түрлі қиындыққа мойымаған Жұлдыз Оразханқызы жайында көп нәрсе айтуға болады. Әсіресе жұмысына адалдығы жан сүйіндіреді. Теміржол өткелінде күндіз де, түнде де еңбек етуге үлкен төзім керек. Бұл ретте әйелдердің осынау жұмысын ерлікке теңер едім, – дейді Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев.  

Қазіргі күні аға буын өкіліне айналған өткел кезекшісінің қызмет барысы жайлы да айтары мол екен. «Ауысым кезінде бағдаршам мен шлагбаумға сеніп қалуға болмайды. Қауіпсіздікті сақтауда адами фактор бірінші кезекте тұрады» дейді ол. Теміржол өткелінің кезекшісіне пойыздардың жүру кестесін білуі, шлагбаумның жұмыс істеуін бақылауы, ең бастысы техникалық ақаулыққа жол бермей, ұдайы бақылауда ұстауы да керек. Бұл орайда Жұлдыз Оразханқызы еңбек ететін өткел бойында келеңсіз жайттар, жазатайым оқиғалар мүлде тіркелмепті.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады