Дарақ бір жерден көгереді

ҚТЖ келбеті
08.03.2024, 13:09

Өткен ғасыр алпысыншы жылдардың ортасында Мақат – Маңғышлақ теміржол желісі салынып, тұрақты пайдалануға берілуімен қатар аймақта көптеген теміржол мекемелері құрыла бастады. Солардың бірі бүгінгі Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясы, міне алпыс жылға жуық теміржолға қызмет етіп келеді.

Мен осы мекемеде ширек ғасырға жуық кадр бөлімінің жетекшісі болып еңбек еттім. Бүгінгі еңбек ұжымының дені – кешегі күні жас маман болып келіп, көз алдымда өскендер. Қаншама жас жолдамамен келіп жұмысқа орналасып, оларға тәжірибелі мамандарды тәлімгер етіп беріп, жұмысқа баулығанымыз күні бүгінгідей есімде. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы сол кездегі жас бойжеткен, бүгінде сол мекемеде өсіп-өнген тәжірибелі диспетчер Гүлжамал Айтқалиқызы туралы болмақ.  

Мақат ауданындағы Доссор кентінде мұнайшы отбасында дүниеге келген Гүлжамал мектеп бітірген соң Гурьев теміржол техникумына автоматика және телемеханика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1991 жылы бітірген соң Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясына жолдамамен келген еді.  Мекеменің сол кездегі басшысы Б.Оразовтың қабылдауында алғаш көріп, кіп-кішкентай талдырмаш келген сүйкімді қызды Құлсары байланыс үйінің 4-ші разрядты электромонтері етіп жұмысқа қабылдаған едік. Міне, содан бері табан аудармай осы мекемеде еңбек етіп келе жатыр. Қазіргі таңда ауысымдық байланыс диспетчері. Өндірістен қол үзбей Ақтөбе қаласындағы С.Байшев атындағы университетін сырттай оқып бітіріп, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

– Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының Мақат-Бейнеу, Бейнеу-Оазис, Бейнеу-Тассай учаскелері бойынша қызмет учаскелерінің ұзындығы 694,4 км құрайды. Байланыс диспетчері теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс құрылғылары мен жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне, бекітілген кестелерге сәйкес, СОБ, КТСМ, радио, байланыс құрылғылары мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге, оларды жөндеу, жаңғырту және қайта құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып, тиімді жүргізілуіне жауапты. Яғни құрылғылардың жұмыс сенімділігін арттырып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.  

Әр саланың өз қиындығы, өз қызығушылығы болады. Әсіресе теміржол саласы – қиындығы көп, күрделі сала. Дегенмен, міне 26 жыл 4 ай болды осы дистанцияға келгеніме, кезінде маған ұстаздарым қалай үйретсе, бүгінде мен де жастарды солай үйрететін дәрежеге жеттім. Менің кәсіби білім алуыма және тәжірибе жинақтауыма көп көмек қолын созған алғашқы ұстаздарым марқұм Қаусова Бақтылы апа мен әріптесім Алмадиева Ақөрік болды. Қызмет бабында аға байланыс диспетчері дәрежесіне дейін көтерілуіме себепші болған сол кездегі дистанция СОБ орынбасары Қ.С. Құттыбаевқа және өндірістік сабақ беру шебері Ж.Б.Жетібаевқа деген алғысым мен құрметім шексіз. Осы ұжымға бір кісідей еңбегі сіңген әріптес аға-апалар, замандастарым – марқұм С.Жұлдызов, С.Әлдібаев, Қ.Өтегенов, сіңлімдей болған Ж.Балмұқанбетова, бүгінгі күні бірге жұмыс жасап жүрген аға байланыс диспетчері А.Өміров, байланыс диспетчерлері А.Жұбаназаров, Э.Омарова, Ж.Әбдіғалиев, тағы басқа әріптестерімнің әрқайсысының мен үшін орны бөлек, – деп сырын ақтарды бір кездескенде Гүлжамал.

Бұл баяғы үлбіреген 20 жасар бойжеткен емес, өз-өзіне сенімді тәжірибесі толысқан маман. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ал 2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды. Отбасын құрып, өмірлік жары Серік екеуі ұл мен қызды өсіріп жеткізіп, Айзада, Ерасыл, Аманай, Айзиба атты немере сүйіп отыр. Жолдасы мұнай саласында жұмыс істейді.  

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН, 

Құлсары қаласы

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті