«Пысық келін» атанған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
19.03.2024, 12:33
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясының тауар кассирі Нұрайна Тұрғанбаева «пысық келін» атанған жан. Айтса айтқандай, қолынан келмейтіні жоқ шебер келіншек түйе сауып, құрт қайнатып, май шайқап, төрт түліктің ағарғанынан неше түрлі дәмді ас дайындаумен қатар қазіргі заман ағымына ілесе жаңа қөлөнер түрлерін де меңгерген ісмер.

Осыдан он жыл бұрын Болашаққа болашақтарын іздеп барған жас отбасы, Нұрайна мен Маңғыстау жол дистанциясының дрезина машинисі Азамат Тутебаев екеуі де теміржолшы кәсібімен қоса атакәсіп – мал шаруашылығын да дөңгелетіп отыр. Түйе мен ірі қара, ұсақ жандық пен тауық бағып, ауыл халқына неше түрлі таза, табиғи өнімдер ұсынады. Кейіпкеріміз бос кезінде отағасына мал шаруашылығына қолғабыс етіп, сүтін сауып, оны әрі қарай қатық, қаймақ, құрт, шұбат, ірімшік, балқаймақ, май сияқты сүт тағамдарына айналдырады. Өздері отырған ауылдың адамдарына сатып, ауысқанын қала халқына ұсынып, жергілікті жұртты пайдалы ас-тағамдармен қамтиды. Оған қоса өзінің сүйікті хоббиі – резинарт техникасымен смоладан неше түрлі бұйым жасайды. Жәй ғана қызығушылық ретінде үйренген бұл өнері бүгінде сұранысы мол кәсіпке айналған.  

– Балалық шақтан сурет салуға, ұсақ-түйек нәрселерден түрлі бұйым жасауға қызығатынмын. Коронавирус карантині кезінде резинарт техникасымен эпоксидті смоладан түрлі туынды жасауды әлеуметтік желіден көріп, неге істемеске деген ой болды. Ізденіп, үйрендім.  Алғашында ол туралы көпшілік біле бермейтін. Енді сұраныс көп. Өздеріне және сыйлыққа тапсырыс береді. Көрген адамдар қызығушылық танытып, істеп беруімді өтінеді. Үйретуді сұрайды. Сондықтан жұмыстан босаған кезімде арасында шеберлік сыныбын да өткіземін. Осы кәсіптен ақша тауып, бизнес ашуды ойласам көбірек уақыт арнауға болатын еді. Бірақ мен оған тек хобби ретінде ғана қараймын. Шығармашылық шабыт келіп, күнделікті күйбең тірліктен демалғым келгенде өзіме ұнайтын заттарды жасап қоямын. Дегенмен біраз тәжірибе жинақтадым, алдағы уақытта резинарт студиясын ашсам деген арманым бар, – дейді өнерлі теміржолшы келіншек.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды