Ізін басқан ұрпағы бар

ҚТЖ келбеті
09.05.2024, 14:18
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының тарихында, оның алғашқы қалыптасу жылдарында нағыз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, қара жұмысты қолмен атқара жүріп түбек теміржолына маңдай терін сарқыған теміржолшылар көп. Солардың қатарында ҰОС ардагері Ізтұрған Артықбаев та бар.

Өзі ҰОС екінші топ мүгедегі, аяғының жарымжан болуына қарамастан, ауыр саймандарын арқалап, қашан қарасаң Шетпе теміржолының ана шеті мен мына шетіндегі жол күтімін жасауға аттанып бара жататын дейді көзін көргендер. Қазір оның ұрпағы да атасы негізін салып берген кәсіптің нәсібін көріп жүр. 

– Атамыз Ізтұрған Артықбаев 1912 жылы бұрынғы Гурьев облысы, Шевченко қаласы Таушық кентінде дүниеге келген. 1941-1945 жылдар аралығында I Украина майданында маршал Жуков пен Рокоссовскидің 100-ші дивизиясында 154-ші атқыштар полкі сержанты болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы аяғынан ауыр жарақат алып, елге оралады. ҰОС екінші дәрежелі мүгедегі болғанына қарамастан елге келгесін Таушықтағы көмір өндіру шаруашылығында тау-кен қауіпсіздігі командасында взводкомандирі болыпты. Сол жерде бес жыл еңбек етіп, соғыстан кейінгі ел экономикасының қалпына келуіне көмір өндірісінде жүріп үлес қосқан. «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ұрыс алаңында жүргенде де жауынгерлік тапсырмаларын адал орындағаны үшін біраз марапат алыпты. 1949 жылдан соң түрлі қызметтерді атқарып, жиырма жылдан соң теміржол шаруашылығына келген. Біз осындай жанның ұрпағы болып, атамыз бастаған жолды жалғап жүргенімізге қуаныштымыз. Ол кісіні көру бұйырмаса да ерлігі мен адамгершілігіне қанықпыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, – дейді бүгінде Маңғыстау жол дистанциясында жетекші жол инженері болып еңбек ететін немересі Ержан Артықбаев. 

Айтуынша, атасы екінші разрядты жол монтері болып Шетпе теміржолына 1969 жылы жұмысқакірген. Зейнетке 1973 жылы осы жерден шығыпты. Төрт ұл мен үш қыз тәрбиелеп жеткізген. Екі ұлынан тараған ұрпағы қазір болат жолда тер төгіп жүр. Махмут дейтін жол монтері болған ұлынан туған Тұраргүл немересі Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде инженер-технолог. Әбдіғали есімді ұлынан Ержан мен Ерлан немерелері өрбіпті. Ағайынды Артықбаевтар да теміржолда. Ержаны жол дистанциясында жетекші жол инженері болса, Ерланы атасы секілді жол монтері. 

– 1969 жылы Отан алдындағы борышымды өтеп әскерден келіп, теміржолға жұмысқа тұрдым. Шетпе станциясында Ізекеңмен көрші тұрдық. Бір мекемеде, бір бригадада бес жылға жуық бірге еңбек еттік. Ол кезде жаспыз, ардагер ағамыздың соғыстағы әңгімелерін ұйып тыңдайтынбыз. Қанды майданда шыңдалған солдат емес пе, әңгімелері рух беретін, ол кісіден қиындықтан қажымай өтуді үйрендік. Өмірлік ұстазымыз болды. Жиындар, ақылдасар шаруалар болса сол кісіге жүгінетінбіз. Ортасына сыйлы жан еді. Кейде жезде деп қалжыңдасатынмын. Еркелігімізді көтеріп, қашан да қолұшын беруге дайын тұратын. Осындай сыйластық, ауызбірлікте жұмыс істедік, – дейді ардагермен жұмыстас болған шетпелік байырғы теміржолшы Әбен Кенжебаев. 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады