Байланыстың бабын тапқан Бейбіт

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 09:46
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Күллі Семей мен Жарма өңіріне танымал әйгілі династиялардың бірі Өгізбаевтар әулетінен үш Құрметті теміржолшы шығыпты. Бейбіт Түменғали – жалпы еңбек өтілі 350 жылға жуықтайтын әулеттің үшінші буыны.

Түрксіб бойындағы Жаңғызтөбе станциясының тумасы мектеп бітірісімен сол елді мекендегі белгі беру және байланыс дистанциясына электромонтер болып еңбек жолын бастапты. Бастығы – аға механик болып істейтін өз әкесі Серікқазы Өгізбаев қызмет барысында «үйдің кенжесі еді» деп басынан сипаған жоқ, от пен суға салып, салалық қызметтің қайнап жатқан қазанында әбден пісірді.  

Жалғыз әкесі емес, сол жылдары аға электромеханик Нұрлыбек Мустакимов басқаратын цехтағы алдыңғы буынның қай-қайсысы да тым қатал, талапшыл болыпты. Техникалық дәрістер кезінде биік бағананың басына шығарып қойып, берілген тапсырмалардан мүдірсе, «бамбук» аталатын сырықпен құйрықтан салып жібереді екен. Кейіннен мұндай тәрбиенің сыры өз әкесінің жұмысшыларға берген «мына баланы аямай жұмысқа салыңдар» деген тапсырмасының себебінен болғанына көз жеткізіпті.  

Бейбіт Серікқазыұлы қатал әке тәрбиесінен жаман болмағанын мойындайды. Белгі беру және байланыс саласында жемісті қызметін бүгінге дейін жалғастырып келеді. Мол тәжірибе жинақтап, жоғары білім алды. Ол үшін кәсіби шыңдалу жылдары 2000-шы жылдардың бел ортасында орын алды. Бұл кезеңде «Делбегетей-Жаңа-Семей-Левый Иртыш-Пост «А» телімі бойынша аға электромеханик болып еңбек етті. Осы аралықта дистанциядағы радио байланысы мен СЦБ қызметін атқарып, үлкен тәжірибе жинады. Қолмен атқарылатын бағыттамалы бұрмаларды электрлендіруге атсалысты. Бұл жылдар Семей теміржолындағы автоматика мен электрониканың дамуы бойынша қарышты қадамдар жасалған жылдар еді.  

Бейбіт Серікқазыұлы 2009-2011 жылдардың аралығында Қостанай бөлімшесіндегі Құсмұрын белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының СЦБ бойынша орынбасары болып та қызмет атқарды. Кейінірек әке сөзін жерге тастамай, елге оралып, Семейдегі ШЧ-29 мекемесінің бас инженері болып тағайындалды. 2013 жылы осы дистанцияның бас директоры лауазымына жоғарылады. Аталмыш мекеме үш бағытта 371 шақырым желі бойына қызмет көрсетеді. Бұл орайда оны желі бойында жауапты іс-шаралар күтіп тұр еді. Бірден белгі беру және байланыс шаруашылығындағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бел шеше кірісті. Атап айтсақ, 2017 жылы ұлттық компания тарихында алғашқы болып Жаңа-Семей мен Шар станциялары аралығында модульдік контейнерлерден ғимараттар тұрғызды. Көктемде қызыл су басып, машақатқа түсіп жататын теміржолшылар қауымы бір жеңілдеп қалды. Осылайша №1 жол айрығынан басталған ғимараттарды жаңарту шаралары сәтімен жалғасып, Шар станциясына дейінгі аралықта 6 жаңа нысан тұрғызылды. Байланысшылар қыста от жағып, күл шығарудан құтылды. Бұл жаңашылдық жұмыс орнын жақсарту бойынша ғана емес, құрылғылардың қауіпсіздігі үшін де өте маңызды еді.  

– Кәсіби қызметтегі ұстаздарым – ең бірінші әкем Серікқазы Түменғалиұлы, одан соң туған ағам – Айдын Серікқазыұлы. Олардан үйренгенім көп. Біздің қызмет үнемі ізденіс үстінде жүруді міндеттейді. Ағамнан әлі күнге дейін кеңес сұрап тұрамын. Өмірден озғанға дейін әкем де ақылшым болды, – дейді Бейбіт. Әкесі де, бүгінде Өскемен өңірінде бас ревизор қызметін атқаратын ағасы да Құрметті теміржолшылар. Қазақстан теміржолының 120 жылдығы қарсаңында олардың ізін басып келе жатқан Бейбіт Серікқазыұлына да осы биіктен көрінуге тілектеспіз.  

 

Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады