Бір жолда тоғысқан қос тағдыр

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 10:03
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Төребек Мырзақараұлының Шымкент жол дистанциясына қарасты Арыс–Қалаш аралығындағы өткелде еңбек етіп келе жатқанына биыл бақандай 36 жыл толып отыр. Ол 1988 жылдан бері осы бір ғана учаскеде міндетін мінсіз атқарып келеді.

Оның өз тағдыр жолында осыншалықты табандылық танытып, өсіп-өркендеуінің түпкі сыры – әке салған сүрлеу-соқпақпен өмірін ұштастыруында жатқан сияқты. Өйткені 1948-90 жылдар аралығындағы жарты ғасырға жуық кезеңде Мырзақара Орынбекұлы осы Арыс–Қалаш учаскесінде еңбек етіпті. Басаяғы 19 шақырымға созылатын бұл телімді бабында ұстау үшін қыс-жаз, күн-түн демей шойын жолдың асты-үстін, қиыршық тастың жай-күйіне дейін мұқият қадағалайтын әке тірлігі Төребектің жадында жатталып қалған. Әкесі Мырзақара өмір сүрген ғұмырының 42 жылында дәл осы жұмыстың шашауын шығармай орындаған болса, бүгінгі таңда оның ұлы Төребектің де осы телімде жұмыстың үдесінен шығып келе жатқанына 40 жылға жуықтапты. Қызығы сол, әкелі-балалы екеу бір учаскені 80 жылға жуық күтіп ұстап келеді. Анығы, әкелі-балалы теміржолшының еңбек өтілі 78 жылды құрайды екен. Бұл қазіргі көрсеткіш. Ал Төребек ағамыздың әлі де тың әрі жұмысқа деген құлшынысын ескерсек, бұл отбасының теміржол саласында, осы телімдегі еңбек өтілдерінің тарихы әлі де жаңара түсетін секілді.

– Ендігі мақсатым – әкемнің жетістігіне жетсем деймін. Мен зейнетке шыққанша тағы 4-5 жыл еңбек етуім керек. Міне, сол кезде әкем шыққан биіктен асып түспесем де, соған жетермін. Ендігі межем осы, – дейді әке жолын қуған ұл. 

Әкелі-балалы теміржолшылардың өмірінде тағы бір мынадай сәйкестік бар. Төребектің әкесі Мырзақара 1986 жылы 57 жасында «Құрметті теміржолшы» атанған екен. Ал енді оның ұлы Төребек те тап осы жасында, тап осы учаскені үздіксіз күтіп-баптағаны үшін осынау құрметті атаққа ұсынылып отыр. 

Төребек Мырзақараұлының 8 бауыры бар. Бес ұлдың кенжесі ретінде әке-шешенің бауырында еркелеп өскен Төребек бүгінде зайыбы Бану екеуі 2 ұл, 2 қыздан оншақты немере сүйіп, ата-әже атанған абыройлы жандар. 

Болашақта өсіріп отырған немере буыннан да әулеттің даңқты еңбек жолын жалғайтын теміржолшы шығады деген үміттерін үкілеп отырған жайлары бар. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты