Локомотив саласының майталманы

ҚТЖ келбеті
30.09.2024, 15:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңірінің бірнеше депосында ізі қалған локомотив саласының майталман маманы Амандық Аралбеков өткен аптада зейнетке шықты.  

Еңбек жолын Мақат локомотив депосында көмекші машинист болып бастап, машинист, машинист-нұсқаушы лауазымын атқарған  кейіпкеріміз 2006 жылы Қандыағаш локомотив пайдалану депосына қарасты Әйтеке би айналым депосы бойынша депо бастығының орынбасары боп тағайындалады. Ал 2010 жылы Маңғыстау локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары болып келеді. 2014 жылдан бері Маңғыстау локомотив пайдалану депосы бастығының Жаңаөзен айналым депосындағы орынбасары қызметін атқарды.    

Өткен жылы «Құрметті теміржолшы» атанған локомотив маманы  қырық жылғы жемісті еңбек жолында «Адал еңбегі үшін» медалі мен  Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарға ие болған.  

Жалпы, Қазақстан теміржолының әр аймағында локомотив саласында еңбек етіп жүрген Аралбековтер әулетін бәрі біледі. Амандық ағамыз осы әулеттің жарқын бір өкілі.    

Маңғыстау локомотив депосының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы майталман маманға талай жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтты,  қазақи дәстүрмен шапан жауып, естелік сыйлықтарын табыстады. Әріптестері бейнетіңіздің зейнетін ұзағынан көріңіз деп тілек айтты.    

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды