Жансерік – жас үздік маман

ҚТЖ келбеті
21.10.2024, 14:38
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Жас үздік маман» кәсіби байқауының республикалық кезеңінен  маңғыстаулық Жансерік Қашқынбаев  жүлдегер болып оралды. Ол екінші орынды еншіледі.    

Жансерік алдымен конкурс шарты бойынша жергілікті іріктеуден өтіп,  республикалық деңгейге шықты. Өңірлерден қатысқан әріптестері ішінде бағы жанып, Астана қаласында өткен марапаттау рәсімінен байқаудың екінші дәрежелі дипломына қоса 300 мың теңгенің сертификатын алды. Бұл сыйақы екі бала тәрбиелеп отырған отбасының несібесі болса керек.  

– Жұмысшы мамандықтарының еңбегін елеп, ынталандыру бағытында мұндай мүмкіндіктер беріп жатқаны үшін байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді.  Мен СОБ электромеханигі және қалпына келтіру пойызының кран машинисі мамандықтары арасында жарияланған байқауда бақ сынадым. Осы бағыт бойынша республикалық жарысқа 11 СОБ электромеханигі мен 6 кран машинисі өткен екен. Өзім СОБ электромеханигі мамандығы бойынша қатыстым, – дейді Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының «Р» бекетіндегі СОБ электромеханигі Жансерік Қашқынбаев.  

Жансерік 1996 жылы Ақтөбеде дүниеге келгенімен, бала күнінде отбасымен Маңғыстауға қоныс аударып, түбектің төл перзентіне айналған. Өсе келе анасы қызмет ететін саламен келешегін байланыстыруға шешім қабылдапты.    

2014 жылы Алматыдағы теміржол институтына оқуға түсіп, автоматты басқару бағыты бойынша білім алады. Дипломды маман ретінде Маңғыстау теміржолына жұмысқа орналасады. Алғашқы еңбек жолын Болашақ станциясында бастап, көп ұзамай оны Боржақты бекетіндегі электромонтер жұмысына ауыстырады. Осылай, жас жігітті шыңдау мақсатында басшылық қай станция, бекеттен жұмыс тапсырса, сол жерге жұмыс ауыстырып, міндетін ойдағыдай орындап жүреді. Өткен жылы «Р» бекетінде электромеханик штаты ашылып, осы бекеттегі электромеханик қызметі Жансерікке табысталыпты.  

– Кезекші таблодағы сигналдарды ашып, пойыздарды қабылдап жөнелткен кезде біз бұрмалар мен бағдаршамдардың сәйкестігін қадағалап, бақылап, жалпы соның күтіміне жауаптымыз. Олар істемей қалса немесе қандайда бір кедергілерге тап болса, ақауларды анықтап,  жөндейміз. Тіпті күндізді қойып, түннің қай уақыты болса да дереу жетіп, өз міндетімізді атқарамыз. Өйткені бұл кедергілер дереу жойылуы керек. Қозғалысқа қауіп төнбеуі тиіс, – дейді өз ісінің білгірі.    

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті