Мықты маман қашанда алғысқа лайық!

ҚТЖ келбеті
02.12.2024, 10:12

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» «Бас есептеу орталығы» филиалына қарасты Маңғыстау бірінші қолдау желісі бөлімінде 14 қызметкер жұмыс істейді. Оның екеуі Бейнеу станциясында біреуі Болашақ станциясына қызмет атқарады. Бұл бөлімнің негізгі функциясына жаңадан келген техника мен технологияларды іске қосып, сала мамандарына оның қалай пайдаланатынын техникалық және технологиялық тұрғыда үйрету кіреді. Орталықтан әзірленген жаңа жобаларды меңгеруге көмектесіп, ақпараттарды уақытылы үздіксіз жеткізуге, бұзылған техникаларды жөндеу қызметкерлердің  басты міндеті.

Маңғыстау бірінші қолдау бөліміне қарасты темір жолының 4 төрт шекаралық аймағы (стык) бар, атап айтатын болсақ Түрікменстан Серхетяка-Болашақ, Иран Амирабад-Құрық порт, Әзербайжан Баку-Ақтау порты-паром, Бейнеу-Қарақалпақстан. Әр шекаралық аймақта жүкті қабылдаумен тапсыруда өзінің мемелекеттік заңдары бар, қиыншылықтары да аз емес, станция қызметкерлерімен белсене араласа отыра аталған бөлім қызметкерлері күн-түні демалыссыз ақпаратты үзіліссіз уақтылы жіберуге жұмыстанады.

Қазіргі таңда аталған бөлімге үлкен үлесін қосып ұзақ жылдар қызмет атқарған білікті мамандарымыз Қонысбай Жаманбаев пен Лесбаева Мирамкүлге Компания атынан алғысымызды білдіріп, құрметті зейнет демалысына шығарып салдық. Қазіргі уақытта бірі байланыс пен ақпараттардың уақытылы жөнелтілуін қадағалап, бірі технологиялық қолдау көрсетеді. Әр атқарылып жатырған жұмысқа, жеткен жетістіктерге бөлімнің әр қызметкерінің үлесі зор! Осы орайда, арамыздағы мықты маманнның бірі Гүлнар Сағынайқызына тоқтала кетсек.

Гүлнар Сағынайқызы қарапайым көп балалы теміржолшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Сағынай Байқоңыр ғарыш айлағының және Маңғыстау облысының алғашқы теміржол құрылысына үлесін қосқан «Құрметті теміржолшы», анасы Марияш та теміржол саласында қызмет атқарған.

1990 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында – автоматтандырылған басқару жүйесі мамандығы бойынша жүйе техникасы инженері мамандығы бойынша бітіріп шықты.

 Темір жол саласындағы еңбек жолын 1990 жылы Батыс Қазақстан  Ақтөбе темір жол бөлімшесі ИВЦ терминалдық құрылғылар бөлімі инженер маманы болып орналасқан.

Сол уақыттан бері теміржол саласында бағдарламаларды әзірлеуші (разработчик) бөлімдерімен (ГВЦ Астана, АРИВЦ Ақтөбе) тығыз жұмыс жасап, жаңа бағдарламалармен жобаларды жүзеге асыруға үлкен үлесін қосты.  

Теміржол қызметін тұтынушыларға жағдай жасау және теміржолшылар жұмысын жеңілдету мақсатында ақпараттарды өңдеумен жіберуде ауқымды жобалар іске асырылды. Мәселен, АБУ Фаворит, КИ, АСУ СТ, АРМ АГКР, ГИД Урал, АСУ ДКР, Winterm сияқты жобалармен жұмыс одан әрі үзіліссіз жұмыс жасап кетуіне тікелей жауапты болды.

2001-2008 жылдары Ақтау порты, Бейнеу станциялары АСУ СТ деректер базасы жасақталып, жұмыс орындарын қосып, станцияның кедергісіз жұмыс жасауына зор үлесін қосты.  

2007 жылы Маңғыстау теміржол бөлімшесі құрылған сәттен бастап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалы Маңғыстау бірінші  қолдау  желісі бөлімі бастығының орынбасары болып қызметке келді.

Сол уақытта теміржолшының айлығын есептеуге арналған АБУ Фаварит (әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу мен жоспарлаудың негізделген ақпараттық жүйесі) бағдарламасын толықтай меңгеріп, мекеме есепшілерімен (бухгалтер) тығыз байланыста жұмыс жасады. Ай сайынғы айлық есептердің уақтылы жіберіп, қызметкерлердің еңбек ақысын уақтылы алуына үлкен үлес қосты.

Сол уақыттан бері көптеген бірнеше жаңа бағдарламалармен жаңа жобаларға басшылық етіп, соның ішінде үлкен жобалардың бірі, АСУузел (Асу ст) жобасы - бірнеше станциялардан тұратын және бір технологиялық процеске біріктірілген (бірнеше станциялардың бірыңғай деректер базасында жұмыс істейтін) теміржол торабы шегінде ақпараттық өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға арналған бағдарлама.

2012 жылы Қазақстан Түрікменстан шекарасы арасында темір жол құрылысы аяқталып, Маңғыстауға қарасты шекара Болашақ станциясы іске қосылды. Аталған станцияда поездардың ақпараттарының автоматты түрде алмасуына және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті бағдарламаларға қатысып, яғни жұмыс орындарды қосуға, өзара тәжірибе алмасы,п Болашақ станциясын іске қосылуына атсалысты.

- 2015 жылы Ақтау Порты станциясы Маңғыстау станциясына АСУ Узел деректер базасы біріктіру кезінде белсене қатысты.  

- 2016-2019 жылдары Ақтау Порты-Паром, Жетібай, Ераливо (қазіргі Қарақия), Шетпе, Сай-Өтес, Рзд№6Г, Опорный станциялары АСУ Узел деректер базасы енгізілді және сонымен бірге біріктірілді. Аталған станцияларда негізгі деректерді қалыптастыру, жұмыс орындарына бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, сондай-ақ станция қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырды, желілік станцияларға барып тәжірибелік және өндірістік пайдалану барысында бағдарламалық-аппараттық кешенмен жұмыс істеуді ұйымдастырды.

- 2019 жылы Каспий теңізінде шекаралық аймақ Құрық порт паром станциясы ашылуында қатысып станция жұмысын кедергісіз жұмыс жасауына үлкен үлесін қосты.  

- Гүлнар Сағынайқызы теміржол саласында түйгеніммен таңдаған мамандығы туралы қызықты әсерімен бөлісіп, кейінгі жас мамандарға білген білімін әр атқарған жұмысының қиындығымен жеңілдігін үйретуде. Қазіргі таңда тәжірибе алмасып, үйренген мамандарымыз қызметті одан әрі дамытуға үлесін қосуда!

Компания атынан көптеген алғыс хаттармен громаталармен марапатталды, соның біріне тоқтала кететін болсақ.

Гүлнар Сағынайқызы, 2024 жылы Республика күні мерекесі қарсаңына «Маңғыстау теміржолының дамуына үлес қосқаны үшін» төс белгімен және  «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалы Маңғыстау бірінші  қолдау  желісі бөлімі мамандары өзіне қойылған міндеттерімен талаптарын уақытылы жоғарғы деңгейде орындап жатырмыз деп есептеймін.

 

Ербол Нұрқожаұлы  

Маңғыстау бірінші қолдау желісі бөлімінде Бұқаралық кәсіптердің автоматтандырылған 

жұмыс орындарын пайдалану және автоматтандырылған басқару жүйесін қамтамасыз ету секторының басшысы.

 

Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды