Темір жол бойында өткен жарты ғасырлық ғұмыр

ҚТЖ келбеті
14.01.2025, 13:29

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің бас менеджері Дәукен Сұлтан Жұмағұлұлы құрметті демалысына шығып жатыр.

Ол өз еңбек жолын 1976 жылы «Жол жөндеу бригадирі» мамандығымен бастаған, яғни Ақтөбедегі №50 қалалық кәсіби-техникалық училищесінің студентінен бастап, оны Жол жөндеу бригадирі мамандығы бойынша  тәмамдап, 1980 жылға дейін Әскери борышын өтегенге дейін Ақтөбе жол дистанциясының №8 Батыс Қазақстан темір жолы Ақтөбе бөлімшесінде жұмыс істеді. 1980-1982 жылдары Кеңес Одағы Әскерінде өз борышын өтеп келіп, кейін Ақтөбе – товарный станциясында жүк және багажды қабылдап тапсырушы, пойызды қабылдаушы, пойыз құрастырушының көмекшісі, сұрыптау дөңесінде кезекші, станция кезекшісі, өндірістік учаске шебері, станция бастығының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі, бас инженердің міндетін атқарушы, бастықтың орынбасары болды. Кейіннен Батыс Қазақстан темір жолы Ақтөбе  бөлімшесінің пойыз кезекшісі, кірме жолдары мен қауіпті жүк, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жол ревизоры, қозғалыс шаруашылығы және жолаушылар шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жол ревизоры қызметін атқарды.  

1998 жылы «Қазақстан темір жолы»  РМК басшылығының шақыруымен бас ревизор, станция және тораптардың талдау бөлімінің, вагон ағындарын ұйымдастыру, Тасымалдау департаментінің өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің тасымалдау және жолаушылар шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жол ревизоры, 2005 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында техникалық басқарманың бастығы, Техникалық департамент директорының орынбасары, Стандартизация, метрология, сапа және техникалық нормалау басқармасының бастығы, Қозғалыс қауіпсіздігін талдау және қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің Қозғалыс қауіпсіздігін талдау басқармасының бастығы қызметін атқарды.  

Оған қоса Қозғалыс қауіпсіздігін талдау және қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің бас менеджері (бас инженер), Қозғалыс қауіпсіздігін талдау және қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және қалпына келтіру пойыздары департаментінің 1 деңгейдегі менеджері (бөлім бастығы),  Қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Осы қызмет еткен жылдар аралығында Дәукен Сұлтан Жұмағұлұлы өзін білікті, техникалық тапсырмаларды шеше алатын маман, тәжірибесі мол және теориялық дайындығы жақсы және іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті мен инженерлік ой-танымы  жетік жан ретінде көрсете білді. Нормативтік құқықтық, нормативтік техникалық актілерді әзірлеуге/өңдеуге және сегіз жыл бойы теміржол кеңесі ұйымының V комиссиясының  шегінде инфрақұрылым және жылжымалы құрам жөніндегі жадынаманы әзірлеуге белсенді қатысуда.  

Жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды, өзіне және өзінің қарамағындағыларға талапшыл, өз білімі мен тәжірибесін жас теміржолшыларға үйрете алады. Дәукен Жұмағұлұлын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының теміржолшылары құрметтейді, олардың алдында беделді. Өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.

Жұмыс барысында өзінің үздік кәсіби білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, жоғары біліктілігін көрсете біледі.

Дәукен Жұмағұлұлының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы адал еңбегі еленіп, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатталды. Мәселен, 2008 жылы «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл» төс белгісімен, 2014 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен, 2020 жылы «Түрксібке 90 жыл» және 2023 жылы «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 2024 жылы екі мәрте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында оның бейнесі «Үздік жұмысшы» тақтасында орын алды, 2024 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 120-жылдығына арналған мерекелік медалі» табысталды.

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz