Аягөздің құрметті азаматы

ҚТЖ келбеті
21.01.2025, 09:01
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Аягөз өңірінің дамуына еңбегі сіңген бірқатар мамандық иелері ауданның Құрметті азаматы атанды. Олардың арасында теміржол саласының майталмандары да бар.

Атап айтсақ, осы салада 40 жылдан аса еңбек етіп, алғашқы еңбек жолын шебердің көмекшісінен бастап, адал еңбегі мен кәсіби біліктілігінің арқасында депо бастығы лауазымына дейін көтеріліп, Қазақстан теміржолының дамуына елеулі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиелеген Сейтбек Ешмұратов та марапат иесі атанды.  

Сейтбек Назарұлы Ақтоғой – Саяқ, Достық – Алашаңқай телімінің ашылуына, ондағы жолаушы және жүк пойыздары қозғалысының жолға қойылуына өз үлесін қосқан азамат ретінде де әріптестері арасында зор құрметке ие.  

Ақтоғай станциясында елеулі жылдар бойы еңбек етіп, кейіннен кәсіпкерлік саланың да тетігін тауып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсеткені өз алдына бөлек әңгіме. Сондай-ақ ауылдарға тасқын су қатері төнгенде өз техникасын жұмылдырып, көпшіліктің алғысына кенелген болатын. Туып-өскен өлкесіне сіңірген еңбегі зор.  

Аягөз қаласында өткен салтанатты жиын барысында Сейтбек Назарұлын Абай облысының мәслихат хатшысы «Алғыс хатпен» марапаттаса, аудан әкімі «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Бұл, сөз жоқ, еңбек адамына, меценат азаматқа көрсетілген жоғары баға екені анық.  

 

Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады