Ақиқатқа айналған арман

ҚТЖ келбеті
03.03.2025, 10:40
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Павлодар жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ерейментау айналым депосының электровоз машинисі Қуат Жәкенов – теміржолшылар әулетінің өкілі. Жиырма жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі машинист өз кәсібін жоғары бағалайды, бұл жоғары біліктілік пен жауапкершілікті талап ететін борышты міндетім деп біледі.  

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Бұл сөз дәл Дәлелқайраттың ұлы Қуатқа қаратыла айтқандай. Оның ес білгеннен білетіні, арғы атасы, өз атасы, әкесі темір жолда жұмыс істеді. Оның да бала кезден арманы аталар салған жолды жалғастыру болды.  

– Арғы атам бронепойыздың паровоз машинисі болды, атам тепловоз машинисінің көмекшісі, әкем алдымен тепловоз, кейін электровоз жүргізді, әкемнің інілері де машинистер мен көмекші машинистер,  үлкен ағам тепловоз машинисі, әпкем осы айналым депосында шұғыл-техникалық есеп орталығының операторы, жиенім электровоз машинисі... осылай кете береді. Біздің әулеттің кәсібі осы машинист мамандығымен тығыз байланысты болып тұр ғой, – дейді Қуат.  

Бала күнгі арманын ақиқатқа айналдыруға асыққан жас жігіт мектеп бітірісімен Қазақ жол қатынастары университетіне оқуға түседі. Оны бітірген соң тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. «Бұл менің тәжірибелі әріптестерімнен кәсібімнің негіздерін үйреніп, меңгерген шағым» еді деп еске алады сол күндерді кейіпкеріміз.  

Электровоз машинисі жұмысы техникалық білімді ғана емес, сондай-ақ оқыс жағдайларда тез шешім қабылдауды қажет ететіні белгілі. Машинистер пайымынша, бір күннен екінші күн ерекше, алдыңда не күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан кез келген күтпеген жағдайларға дайын болу керек, бұл кестенің өзгеруінен бастап, техикалық ақаулықтарға дейін болуы мүмкін.  

– Машинист көмекшісімен жұптасып жұмыс істейміз. Сапардың тиімді және қауіпсіз болуы біздің бірге жұмыс істеу үйлесімдігімізге байланысты. Әрбір сапар алдында локомотивті мұқият тексеріп шығамыз, жүйелердің жұмысын сүзгіден өткіземіз. Өйткені біз жолаушылар мен жүк қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  жауапкершілігімізді бір сәт те естен шығармаймыз, – дейді машинист өз жұмысы туралы.  

Қуат Жәкенов әріптестері арасында беделді жан. Ол өз тәжірибесімен бөлісуден ешқашан бас тартқан емес. Біліктілігі мен білімі, азаматтығы мен адамгершілігі арқасында ұжымына сыйлы.  

– Қуатпен жұмыс істеу барлық жағдай тігісінен жатады деген сенімділікті ұялатады. Ол өз ісінің нағыз маманы. Оның үнемі білімін жетілдіріп,  ізденісте жүретіні мақтауға лайық. Жұмыс барысында бірнеше рет басшылық тарапынан марапатталды, – дейді Ерейментау айналым депосының бастығы Данабек Айдынбаев.  

Ал Қуаттың өзіне келсек, ол мамандығы қиын да күрделі және жауапкершілігі зор екеніне қарамастан, өмірін темір жолсыз елестете алмайтынын айтады. «Әр кез басқару пультіне отырғанымда, өз орнымды тапқанымды сезінемін. Бұл мен үшін жай ғана жұмыс емес, бұл менің өмірім. Мен пойыз рельсті жүріп өткен сайын, жылдамдықты сезінемін. Білесіз бе, бұл – бір мезеттегі еркіндік пен жауапкершілік сезімі. Оның үстіне, теміржолшы әулетінің дәстүрін жалғастыру да мен үшін үлкен мақтаныш. Бауырлар арасындағы әңгіме де ортақ. Біз расында үлкен бір машинистер отбасымыз, – деп ой түйіндейді кейіпкеріміз.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды