Техникалық білім мен тәжірибе қажет

ҚТЖ келбеті
01.04.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласындағы ақпараттық технологияның қарқынды дамуы мен цифрлық жүйенің кеңінен қолданылуы байланыс саласының мамандарына жоғары талаптар қойып отыр. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – осы саланың білікті де тәжірибелі мамандарының бірі.

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Гаухар Уалиева – кәсіби шеберлігінің арқасында заманауи байланыс технологияларын жетік меңгеріп, дистанцияда үздік маман ретінде танылған жан. Белгі беру-байланыс саласындағы техникалық жүйелерді жетік меңгеруімен қатар, ол өз білімін үнемі жетілдіруге баса назар аударады. Өйткені күн сайын алға жылжып жатқан ақпараттық технологиялар дәуірінде онсыз білікті маман атану оңай емес. 2023 жылы біліктілік арттыру курсын сәтті аяқтап, заманауи технологияларды меңгерудегі әлеуетін тағы да арттырған Гаухар биылғы жылы да кәсібіне байланысты білімін жетілдіруді көздейді.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды жетік меңгеру міндет. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы байланыс саласына жаңа цифрлық жүйелерді енгізуді талап етеді. Осы орайда Гаухар Мәжитжанқызы Raisecom және DX500.ЖТ байланыс аппараттарын толықтай меңгеріп, оларды тиімді пайдалану арқылы байланыс сапасын арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Кәсібіне адалдықты табыстың кепілі санайтын Гаухар тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар көп жылдан бері жас мамандарға тәлімгерлік етіп, тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Оның еңбекқорлығы, жауапкершілігі және жаңашылдыққа деген ұмтылысы оны байланыс саласындағы ең озық мамандардың қатарына шығарды. Гаухар Мәжитжанқызы – әуе байланыс желісі, магистральды кабель желісі және талшықты-оптикалық кабель желісі сияқты үш негізгі жүйені терең меңгерген байланысшы. Бұл оның байланыс жүйелеріндегі кез келген техникалық мәселені шеберлікпен шешіп, қызметін жоғары деңгейде атқаруына мүмкіндік береді, – дейді әріптесі туралы дистанцияның өндірістік бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков.  

Гаухар еңбек жолын 1983 жылы осы Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында қарапайым жеткізуші болып бастаған. Екі жылдан кейін байланыс электромонтері болып ауысты. Міне, содан бері бір орында тапжылмай еңбек етіп, өзінің алғырлығы мен еңбекқорлығы арқасында кәсібінің үздігі атанып отыр.  

Сонымен қатар өз саласы бойынша әріптестерімен бірге өндіріске жаңашылдық енгізуге ұмтылып, өнертапқыштықпен де айналысып, тәп-тәуір жетістікке жетіп келеді. Сондықтан дистанция бастығы Әбдірахман Сырғабаев еңбегі көпке үлгі, ал кәсіби шеберлігі – байланыс саласының дамуына серпін беретін құнды ресурс деп жоғары бағалаған Гаухар сынды мамандар әр мекеменің мақтанышы екені дау тудырмайды.  

– Теміржол көлігінің негізгі компоненттері болып саналатын белгі беру және байланыс жүйелері пойыздардың қозғалысын ұйымдастыруда, сақтауда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші роль атқарады. Теміржол саласында оңай кәсіп жоқ. Соның ішінде белгі беру мен байланыс жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету – инемен құдық қазғандай қиын да күрделі, үлкен жауапкершілікті талап етеді, – дейді Гаухар Уалиева.  

Ал кәсібиліктің сыры неде деген сауалымызға: «Алдымен техникалық білім, сосын тәжірибе қажет» деп жауап берді.  

 

Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда