Қырағы кезекші — қауіпсіздік кепілі. Арыс-Түркістан жолындағы оқиға

ҚТЖ келбеті
16.05.2025, 09:34
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан мен Арыс аралығындағы теміржолдың 3188-шақырымдағы 9-пикетінде орналасқан Қарақоңыр өткелінде кезекші Қалдыбек Жабақұлы қырағылық үлгісін көрсетіп, жылжымалы құрам мен жүк көлігінің соқтығысуына жол бермеді.

Оқиға орны ауданаралық аумақта орналасқанымен, бұл облыстық маңызы бар автокөлік жолы мен теміржол тармақтарының түйіскен нүктесі. Сондықтан да Қарақоңыр станциясының іргесіндегі 3-санатқа жататын бұл нысанда көліктің барлық түрінің өтуіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар өткелде кезекшілікке түсетін 4 қызметкер 12 сағаттық ауысым негізінде жұмыс істейді.  

Өткелдегі механизмдердің барлығы да автоматтандырылған әрі қызметкерлерге тиісті жағдайдың бәрі жасалған. Солай десек те, бұл нысан маман араласуын қажет етеді. Өткел кезекшісінің өз ісіне жауапкершілігінің арқасында үлкен апаттың алды алынды.  

Қызметтік міндетін атқарып отырған Қасымбек Қалдыбек түс кезінде гүрілдеген дауысы жер жарғандай ауыр жүк көлігінің ыңыранып, өткелге қарай бет алып келе жатқанын байқайды. Ол дереу сыртқа шығып, маңында өзге көліктің бар-жоғына көз жеткізу үшін төңірекке барлау жасайды. Өйткені сүт пісірім уақыт шамасында бұл жерден №3404 жүк пойызы да екпіндете жетіп, зулап өте шығуы тиіс. Алайда, жүк көлігі шойын жол тармағының қақ ортасынан өте бергенде қозғалмай, кілт тоқтап, тұрып қалады. Жүріп кетер деген үмітпен бір-екі жерін түртіп, шұқылап көргенмен еш өзгеріс бола қоймайды.  

Осы сәтте өткел кезекшісі Қалдыбек Жабақұлы қарап тұрмай, қамданып, өз міндетіне кіріседі. Алдымен станция диспетчеріне хабар беріп, машинистке белгі беретін тетікті шұғыл іске қосады. Содан жүк көлігінің жүргізушісімен бірге темір жолда апатты болдырмаудың амалын жасайды. Ал осы сәтте өз жолындағы бағдаршамның қызыл түсін байқаған №3404 пойызының машинисі М.Тажиков жылжымалы құрамды Қарақоңыр станциясындағы 2 бас жолға тоқтатады. Бұл кезде сағат тілі 13:20 минутты көрсеткен.  

Күтпеген жерде кілт тоқтаған «SACMAN» жүргізушісі шарасыз халге түссе де, соңғы үмітпен көлігінің қозғалтқыш бөлігін іске қосқанда, көлік кенет жүріп кетеді. Қасқағым сәтте өң мен түстің арасындағыдай күйге түскен ол көлігін қауіпсіз жерге қояды. Бұл кезде өткел кезекшісі Қалдыбек Жабақұлы пойыз қозғалысына ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын, жағдайдың жедел оң реттелгенін айтып, тиісті тараптарға хабар беріп жатты. Бұл кезде сағат тілі 13:27 минутты көрсеткен. Одан кейін полиция өкілдері де оқиға орнына жетіп, жүргізуші Т.Д.-ның жол қозғалысы ережесіне қайшы әрекет жасағаны үшін заң аясында тиісті шара қолданады.  

Қарап отырсаңыз, біз баяндап отырған оқиға қасқағым сәтте болып өткен. Бас-аяғы 7-10 минут шамасы. Ал оның алдын алмағанда зардабы орасан зор болар ма еді. Осындай сын сағатта қырағылық үлгісін көрсеткен тәжірибелі теміржолшының ерен еңбегі ертеңінде-ақ жергілікті басшылық тарапынан тиісті деңгейде бағаланған. «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры А.Қойлыбаев кейіпкеріміздің кеудесіне «Қазақстан темір жолына 120 жыл» төсбелгісін тағып, арнайы алғыс хатпен марапаттады.  

– Біз енді өзімізге тиесілі міндет, мақсатымызды дер кезінде орындап шықтық қой. Аса бір батырлық, батылдық демес едім. Менің орнымда қай әріптесім болса да осылай әрекет еткен болар еді. Солай десек те, еңбегімізді елеп, ескеріп, сый-құрметке бөлеп жатқан жетекшілерімізге зор алғысымды білдіремін, – дейді өмірінің 35 жылын теміржол саласына арнап, осы бағытта тер төгіп келе жатқан кейіпкеріміз Қасымбек Жабақұлы.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты