Шымкенттік инженер ойлап тапқан қорғаныс құрылғы 18 депода қолданылуда

ҚТЖ келбеті
22.05.2025, 11:18
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент станциясында еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженері Ордабай Төлбасының тумблер қаптамасына қатысты рацұсынысы үлкен қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған. Ол бұл туындысын өткен жылы Арыс локомотив пайдалану депосында қызмет етіп жүргенде ойлап тапқан.

Былтыр жазда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Техникалық саясат департаменті мамандарының қатысуымен өткен техникалық кеңестің 2-деңгейлі отырысының хаттамасы негізінде рационализаторлық ұсыныстардың біршамасы техникалық талапқа сай деп танылып, рационализаторлар тиісті деңгейде сыйақылар алды. Солардың қатарында Төлбасының да төл туындысы бар.  

Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік мәселесіне жіті көңіл бөлетін жас маман үнемі осы бағытта үздіксіз ізденіп жүретін. Бірде әріптестерінен Алматыдағы локомотив жөндеу допосындағы қайғылы жағдай туралы естиді. Шебер мен слесарь алып техниканы кезекті жөндеуден өткізіп, канавадан шығарып тексергенде бір-екі кемшілік анықталады. Олар локомотивті тұрған жерінде жоғары кернеулі токтан ажыратады да, жоғары кернеулі желілер орналасқан секция арасында жөндеуді жалғастырады. Осы сәтте бұл жағдайдан мүлдем хабарсыз машинист, кабинадағы ток қабылдаушы құрылғыны іске қосып жібереді. Салдарынан іштегі секция арасындағы слесарь тілге келмей көз жұмады.

Осыны естіген Төлбасы Сырданұлы мұндай сәттің алдын алуға қатысты терең ойға батады. Көп ұзамай ток қабылдаушы құрылғыны қозғалтпай тұратын құрылғы ойлап табады. Оның құжат жүзінде тіркелген ресми атауы – «№223 ток қабылдағыш тумблерге арналған қорғаныс қаптамасы». Бұл өзі бір қарыс болғанымен, адам өмірін сақтап қалуда қызметі өте маңызды. Яғни сырт көрінісі тік иілген тұтқа іспеттес құрылғының іші ойық төрт қырлы бір ұшы жоғары кернеулі қосқыштың басына кигізіледі де, екінші ұшы үстіңгі басқару панелінің төменгі жиегіне қыстырылады. Қызыл түсті қорғаныс қаптамасының үстіне көзге анық көрінетіндей етіп «Не включать» деп жазылған. Бертінде ғана ойлап табылған бұл құрылғыға көзі түскен кез келген маман локомотив ішінде жөндеу жүргізіліп жатқанын бірден түсінеді. Оның сөзсіз түсінікті болатыны соншалық, құрылғы қыстырылғанын көрген бойда адам санасында құрылғыны іске қосуға тыйым салатындай шартты рефлекс пайда болады.

Бүгінде елімізде 36 локомотив жөндеу депосы жұмыс істеп тұрған болса, соның жартысы электровоздарға қызмет көрсетумен айналысады. Міне, осы кәсіпорындарға Төлбасы Сырданұлының төл туындысын қолданысқа енгізу жөнінде Орталық аппараттың шешімі ұсынылған. Демек, бұл күнде республика өңірлеріндегі 18 электровоз жөндеу депосында №223 ток қабылдағыш тумблерге арналған қорғаныс қаптамасы қолданылып келеді деген сөз. Ал енді бұл құрылғыны сақтау мен оны қолдану жауапкершілігі депо слесарі мен ТО-2 шеберінің міндетіне жүктелген. Айта кетерлігі, бұл құрылғылар тек жоғары кернеулі электр энергиясының желілері тартылған жерлерде ғана қолданылады.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты