Өнертапқыш инженердің жеңісі

ҚТЖ келбеті
10.06.2025, 08:49
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

ҚТЖ үздік өнертапқыштарды анықтады. Ақтөбелік инженер Бақытнұр Ермекованың жобасы екінші орын алды. Рационализатордың габариттен тыс орындарда жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған қозғалыс датчигі сәтті шыққан жобалар қатарында аталды.

Бақытнұр Ермекова еңбек қорғау саласында он жылға жуық қызмет етіп келеді. Оның соңғы жобасы – адам өмірін сақтауға бағытталған жарық пен дыбыстық сигнал беретін құрылғы. Өнертапқыштың бұл жобасы ел теміржолшыларының арасында бақ сынап, жүлделі орын алды. Алдағы уақытта қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. Жас маман жаңа идеяны қайғылы оқиғадан кейін ойлап тапқан.  

«Теміржолда қауіпсіздікке басты басымдық береді. Әсіресе, пойыз құрастырушылар үшін габариттен тыс орындардағы тәуекел деңгейі өте жоғары. Өкінішке орай, 2023 жылы Орал станциясында қайғылы оқиға орын алды. Пойыз құрастырушы әріптесімізді жоғалттық. Осыған байланысты көп ізденіс пен құрылғылар қызметін зерттеу, жетілдіру мақсатында «Габариттен тыс орындарда жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған қозғалыс датчигін» енгізуге ұсыныс жасадым», – деді Бақытнұр.  

Жас өнертапқыш ойлап тапқан қозғалыс датчигінің негізгі мақсаты – қауіпті аймаққа жақындаған қызметкерлерді дер кезінде ескерту. Машинистер мен пойыз құрастырушыларын ықтимал қауіп туралы алдын ала хабардар ету арқылы габариттен тыс орындарда қауіпсіздікті күшейту.  

Бұл датчиктерді орнатудың артықшылықтары аз емес. Ең бірінші, қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Датчиктер қауіпті аймақта адамның немесе жылжымалы құрамның бар-жоғын анықтап, тиісті ескерту сигналын береді. Бұл қызметкерлерге дер кезінде қауіпті аймақтан шығып, жарақат алу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша, қауіпсіздік шараларын автоматтандыру арқылы адам факторының ықпалын азайтып, қауіпсіздік талаптарының сақталуын күшейтеді. Жедел ескерту жүйесі қызметкерлердің өмірін қорғауға көмектеседі. Өндірістік жарақаттану қаупін төмендету мүмкіндігі мол. Қауіпті аймақта датчиктерді қолдану арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.  

Бақытнұр Сәкенқызы еңбек жолын 2013 жылы Ақтөбе станциясында жүк қабылдап-тапсырушы болып бастаған. Бүгінде жүк бөлімінде еңбек қорғау инженері. Қауіпсіздік – оның өмірлік ұстанымына айналған тақырып. Жаңа жобасы да үлкен ізденістің жемісі. Ол сенсор арқылы жанатын жарықты көрген сәтте ойға алған идеясын жетілдіруді ойлады. Қауіптің алдын ертерек ескертетін жарық және дыбыстық белгі беретін құрылғы жасауға бел буды. Қарапайым сенсордан бастап, қажетті LED шамдарды, қажетті жағдайларды зерттеп, жүйенің қалай жұмыс істеуі керектігін тиянақты жоспарлады. Қазір оның жобасы Ақтөбе станциясында тәжірибеден де өтті. Құрылғы қауіпті аймаққа жақындаған сәтте жарық пен дыбыс арқылы ескерту береді. Бұл – тек инженерлік жетістік емес, адам өміріне деген жауапкершілік пен жанашырлықтың көрінісі.  

«Егер бұл құрылғы бір адамның өмірін сақтап қалуға көмектесе алса, менің еңбегімнің зая кетпегені», – дейді Бақытнұр Сакенқызы.  

Ол мұнымен шектелмей, еңбек қауіпсіздігі саласын цифрландыру бағытында ізденіс үстінде. Қазіргі уақытта жаңадан келген қызметкерлерге арналған интерактивті чатбот құрастырып жүр. Бұл жүйе жас маманға сұрақ қою, бейнематериалдар көру және қажетті нұсқаулықтарды жылдам алу мүмкіндігін береді. Жақын арада бұл жобамен де бөлісуді жоспарлап отыр.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда