Кәсібінен береке тапқан жан

ҚТЖ келбеті
20.06.2025, 09:02
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Құрметті теміржолшы Жетпісбай Шаранов Түрксібтің түп қазығы саналатын Жарманың тумасы. Яғни, теміржолшы болмасқа хақысы жоқ, тағдыр әу баста маңдайына жазған кәсібі сынды...

Техникалық училищені СОБ электромеханигі мамандығы бойынша бітіріп, екі жыл әскер қатарында борышын өтеп, Жарма станциясындағы белгі беру-байланыс дистанциясына СОБ электромонтері болып жұмысқа тұрғанда ол 22 жастағы жас жігіт болатын. Содан бері міне, 41 жыл көзді ашып-жұмғанша зулап өте шығыпты. 14 маусым күні өз саласы бойынша кәсібиліктің шыңына шығып, ортасына мойындалған маман, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Жетпісбай Тұрарбекұлы 63 жасқа толды. Қырық жылғы бейнеттің зейнетін көретін күн де туды деген сөз.  

– Жарма станциясында халықтың жартысы теміржолшылар болатын. Сондықтан станцияда теміржол мектебі, балабақшасы, ауруханасы, клуб, стадион бәрі теміржолға тиесілі болды. Әке-шешеміз болса болмаса теміржолшылар. Сондықтан, біз мектеп бітіргенде алдымызда қайда барам, кім болам деген сауал туындаған жоқ, – дейді Жетпісбай Тұрарбекұлы.  

Жарма дистанциясында СОБ электромонтері болып төрт жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинаған жас маман одан әрі СОБ электромеханигі лауазымын үш жыл атқарады. Сосын Семей сигнал беру және баланыс дистанциясына ауысып, ДЦ қосынында ауысымдық электромеханик, ПОНАБ және радио, байланыс, СОБ құрылғыларының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша бірінші дәрежелі инженер, сосын Семей НЖС-6 өндірістік бөлімінің жетекші инженері болып 2012 жылға дейін қызмет атқарды. Өндірістен қол үзбей Алматы теміржол академиясын бітіріп жоғары білім алды.  

Одан әрі кәсібіне жауапты да сауатты маман Астанаға ауысып, Ұлттық компанияның «Бас байланыс басқарма орталығы» филиалына жетекші инженер болып жұмысқа кіріседі. Сегіз жыл осы қызметтің бүге-шігесін меңгеріп, әріптестері алдында үлкен абыройға ие болды. Ал 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Автоматика, телемеханика және байланыс орталығында» ЖАТС құрылғыларының жұмысын үзіліссіз бақылауды қамтамасыз ету бөлімінде жетекші инженер болып қызмет атқаруда.  

– Теміржол маған жауапкершілікті, мақсатшыл болуды, ұқыптылықты, адалдықты, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуды және ұйымдастырушылық қасиеттерді үйретті. Ұлттық компанияда еңбек етіп, өзімнің білімім мен тәжірибемді ғана емес, барлық мүмкіндігім мен қабілетімді сарқа пайдалана білгеніме қуанамын, – дейді кейіпкеріміз.  

Сүйікті кәсібінен ғана емес, отбасынан да бақыт пен береке тапқан жан жарасымды жанұя құрып, жары екеуі екі ұл өсіріп жеткізіп, бүгінде бір топ немереге ата-әже атанып отыр.  

 

Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады