Мақаттың мақтанышы

ҚТЖ келбеті
11.07.2025, 08:31
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сағыз станциясының іргесі 1939 жылы Атырау – Қандыағаш темір жолының құрылысымен қатар қаланған. Сондықтан бұны да Мақат секілді теміржолшылар қалашығы деуге әбден болады. Әрине, Сағызда теміржолшылар династиясы да аз емес. Біздің кейіпкеріміз Бағытова Қамажай да темір жолға еңбегі сіңген әулеттің өкілі.

Ол 1964 жылы Сағыз станциясында теміржолшылар әулетінде дүниеге келді. Әкесі Құлжан Есқабылұлы өмір бойы жолшы болған, «Құрметті теміржолшы» атағының иегері. Ал анасы Жұмақыз Қызылқоға ауданының Миялы, Сағыз, Мұқыр елді мекендеріне, Сағыз – Жантерек аралығына, темір жолды қардан, құмнан қорғау мақсатында ағаш отырғызып, күтім жасайтын құрылымда жарты ғасырға жуық еңбек етті. Олар дүниеге 9 бала әкеліп, тәрбиелеп өсіріп, оқытып жеткізді. Бүгінде бұл әулетте теміржолшы да, мұнайшы да, ұстаз да бар.  

Қамажай Атырау теміржол техникумын 1984 жылы үздік бітіріп, сол кездегі Гурьев жол бөлімшесінің жолдамасымен Мақат ауданы, 402-бекетіне №159 машиналандырылған күрделі жол жөндеу мекемесіне жұмысқа тұрады. Еңбек жолын жаңа бастап жатқан жас қызға жол жөндеуші болу оңайға сақпағаны анық. Тіпті қиналған сәттерінде «осы оқуды неге оқыдым» деп налыған кездері де болыпты. Қолына сүймені мен балғасын алып таңалакеуімнен жолға шығады. Содан бригада мүшелерімен бірге күніне 10-15 шақырым жолды жаяу жүріп, шпалдың бүтіндігін, рельстердің аралығын өлшеп, кешке дейін жолдың дұрыстығын қадағалайды. 20 жасар қыз бала үшін әрине ауыр жұмыс. Таныс жоқ, ақылын айтып, үйрететін адам да жоқ. Көпшілігі өзге ұлттар: бригадир – удмурд, мастер – мари, тех.бөлім инженері – грузин, бас инженер – украин, бас есеші – татар... Бірақ нағыз теміржолшының қызы емес па, алғыр қыз бәріне де үйренді, бәрін де жеңді. «Жақсы әкенің ақылы – балаға қырық жыл азық» демекші, ата-ананың қазықтай қаққан дұрыс тәрбиесі, өзінің табанды мінезі арқасында Қамажай шебер маман атанды.  

«Жылдар өте келе жол монтері, жол технигі, жол инженері, қойма меңгерушісі, еңбекақы және нормалаушы инженері қызметтерін атқардым. 1985 жылы теміржолшы-инженер Бағытов Жүніс деген жігітке тұрмысқа шығып, отбасын құрдық. 1984-1988 жылдар арасында 402-бекетте 4 аяқты ағаш вагонда тұрып, 2 шақырым жерден көмір, су тасып, ағаш жарып, от жағып, осы мекемеде әртүрлі ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып жұмыс жасадық. Жолдасым Жүніс мінезі салмақты, сабырлы жан, қай кезде де маған қолдау көрсетіп, сүйеу болды, соның арқасында қиындықтың бәрін жеңдік», - деп еске алады өткен жылдарын кейіпкеріміз.  

Қамажай 1985 жылы Ташкент теміржол институтының 6 айлық курсында оқып, инженер-экономист куәлігін алады, сосын отағасы екеуі жұмыстан қол үзбей Алматы теміржол көлігі институтын жол құрылысы және жол жөндеу мамандығы бойынша сырттай оқып бітіреді. 1989-1990 жылдары тоқырау кезінде ПМС-159 мекемесі жабылып, техникалық, қаржы-есеп бөлімдері №9 Атырау жол дистанциясы қарамағына өтеді. Сол кезде Қамажай Мақат станциясына Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы Латип Шахатов атындағы №6 өндірістік жол учаскесіне ауысып, қазіргі уақытқа дейін: жол технигі, жол инженері, материалдық бухгалтер, инженер-технолог қызметтерін абыроймен атқарып келді. Оның өңір темір жолының дамуына қосқан үлесі бағаланып, ҚТЖ басшылығынан, ЦЖС, ЦП басшыларынан, Атырау магистральдық желі бөлімшесі мен Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінен алған Алғыс хат, марапаттары аз емес. 2024 жылы тамыз айында теміржолшылар мерекесіне орай Атырау облысы тарапынан Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры, ұшқыш Хиуаз Доспанова төсбелгісін кеудесіне тақты. Ал 2025 жылы қаңтарда Мақат ауданы әкімдігі оны «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттаса, сәуір айында «Қазақстан теміржолына-120 жыл» төсбелгісіне ие болды.  

Қамажай Құлжанқызы өзінің негізгі жұмысымен қатар Мақат – Қарабатан станциялары арасында еңбекті қорғау жөнінде техникалық инспектор, учаскедегі кәсіподақ төрайымы қызметін қоса атқарып, ұжымдағы мәдени іс-шараларды өткізуге белсене араласады. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Ал жолдасы Жүніс Атырау жол дистанциясы Мақат телімінде инженер болып еңбек етіп, 2023 жылы зейнетке шықты. Бүгінде қыздары Айдана ата-ана жолын қуып Мақат станциясында диспетчер болып жұмыс істейді.  

«Бүкіл өмірімді темір жолға арнап, тоғыз жолдың торабы саналатын Мақаттай станцияда абыроймен қызмет жасағанымды мақтан етемін», – дейді қырық жылға созылған еңбек жолын аяқтап, биыл зейнетке шыққалы дайындалып жүрген кейіпкеріміз.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды