Темір жолдың темірдей тәртібінде шыңдалған ер

ҚТЖ келбеті
01.08.2025, 10:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жолда еңбегімен де, ерлігімен де танылған азаматтар аз емес. Солардың қатарында «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Атырау филиалының күзетшісі Әділбек Арыстанғалиев бар.

...Қараша айының суық күндерінің бірі еді. Әділбек әдеттегідей жұмыс бабымен теміржол нысанын бетке алып, Жайық өзені үстінен салынған көпірге жылжып келе жатқан жүк пойызының қозғалысын қадағалап тұрған. Сол сәт бекет кезекшісінен келген хабар күзет сарбаздарына бірден тарады. Жас қыздың өзіне қол жұмсамақ ниетпен Жайық өзеніне секіргені туралы хабарды ести сала жүгірген Әділбек көп ұзамай суға бір батып, бір шығып бара жатқан қызды көрді. Еш ойланбастан шұғыл әрекетке көшіп, қыздың артынан суға секірді. Қарашаның қара суығында су да денеңді қарып өтердей екен. Әп сәтте бойын жинап алып қызға жетті, киімінен ұстап жағаға қарай малти бастады. Осылай керек жерде, керек кезде, керек уақытта табылған Әділбек қызды құтқарып қана қоймай, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды. «Міне азамат, жарайсың!», «Бәрекелді, азамат екенсің!» десті оқиға орнына жиналып қалғандар теміржол күзеті сарбазының ерлікке пара-пар әрекетіне риза болып. Әділбекке Азамат деген екінші есім осылай телінген болатын. 

Тағы бір жағдайда темір жол бойына есірткі тасып таратушыларды ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырды. Әрине, бұл екі түрлі жағдай болғанымен, оларға тән ортақ нәрсе, екеуінде де Әділбек өз басын қатерге тіккен еді. Бірақ оны ол ерлік деп санамайды. Азаматтық борышы, қызметтік міндеті деп біледі.

– Әскерилендірілген теміржол күзетінде жұмыс істеп жатқаныма төртінші жыл. Бұған дейін медицина саласының әскери бөлімінде жұмыс істедім. Теміржол күзетінің өзіне тән ерекшелігі бар. Тәртіп өте қатаң, жауапкершілік аса жоғары. Теміржол көпірі – стратегиялық нысан. Сондықтан оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Біз осы көпірге мал-жанның шықпауын, жылжымалы құрамдардың кедергісіз өтіп тұруын, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеміз. Еңбегіміз компания тарапынан елеусіз қалмайды. Әсіресе әлеуметтік қамтамасыз ету жағы жақсы жолға қойылған. Ұжымдық шарттағы барлық шарттар орындалады. Біздің күзетшілер ұжымының ауызбіршілігі мықты, өте ұйымшыл. Оны былтырғы су тасқыны кезінде де көрген боларсыздар, – дейді Әділбек. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты