Бесік жырын жырлаған нелля әже

ҚТЖ келбеті
05.09.2025, 09:05
Оқуға 2 мин

Нелля Шевченко – қырық бір жыл ат ауыстырмай темір жолда еңбек еткен жан. Сондықтан болса керек, темір жол оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Қазір де зейнеткер темір жол жаңалықтарын үзбей қарап, есі кіріп қалған немерелеріне өзі жүріп өткен еңбек жолдарынан сыр шертеді. Ал тым кішкентай бөпелерін қазақы салтпен бесікке бөлеп, бесік жырымен әлдилейді.

– Мен Ресейдің Тамбов облысында дүниеге келдім. Әкемнің ағасы Николай Омбы теміржол институтын бітіріп, жолдамамен Құлсары станциясындағы вагон депосына жұмысқа тұрып, көп кешікпей басшы болыпты. Содан менің әкемді қасына шақырыпты. Мен ол кезде 8 жаста едім. Осылайша, Қазақстан менің екінші Отаныма айналды, – дейді кейіпкеріміз.  

Нелляның айтуынша, әкесі Василий Құлсарыда ГПТУ-да геометрия, сызу және материалдардың төзімділігі туралы сабақ беріп, оқытушы болған. Ал анасы Нина Ивановна алғашқыда байланыс пошта бастығы, кейін Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясында телеграф қызметкері болған. Нелля Васильевна 1975 жылы №468 Құлсары теміржол мектебін бітіріп, дистанция жолдамасымен Гурьев қаласындағы теміржол техникумына оқуға түсіпті. Оқу ордасын 1978 жылы бітіріп, алғашқыда дистанцияда байланыс электроментері, СОБ электромеханигі, байланыс диспетчері қызметтерін атқарған, ал 1985 жылы техникалық бөлім инженері лауазымына ауыстырылған. 2005-2008 жылдары жұмыстан қол үзбестен Алматы М.Тынышпаев атындағы теміржол көлігі академиясын үздік дипломмен бітіріп шыққан. Бұл оның қызметтік сатыда көтерілуіне септігін тигізіпті.  

Нелля Васильевна 2019 жылдың қыркүйек айына дейін дистанцияда техникалық бөлімге жетекшілік етіп, зейнетке шыққан. Өз ісін қашанда ұқыпты, зор жауапкершілікпен атқарып, кәсіпке адалдықтың үлгісін көрсете білген Нелля Шевченконың есімі дистанцияның «Құрмет тақтасына» енгізілген. 2007 жылғы ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті атынан алған Алғыс хат, басқа да грамоталар – кейіпкеріміздің еңбегінің өтеуі. Дистанцияда ПОНАБ электромеханигі Мәлік Ерғалиевпен отау құрып, Тарас, Аружан атты ұл-қызды өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген.  

– Мен немерелерімді қазақы салтпен бесікке салып, өсіріп келемін. Бесікте бала тыныш ұйықтайды. Оларға өзім білетін бесік жырын айтамын. Кітап оқып беремін. Немере баладан да ыстық деп қазақ бекер айтпайды. Әже мен немере арасында тылсым бір байланыс бар. Мен бақытты әжемін, – деп түйіндейді сөзін Нелля Васильевна.  

 

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН,  

ҚР Журналистер одағының мүшесі

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті