Ұтқыр шешімге негіз болған ұсыныс

ҚТЖ келбеті
26.09.2025, 09:16
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Бұл күнде кәсіпорын кеңселеріндегі кабинеттерді жарықтандырып тұратын люминесцентті шамдар қауіпті екенін біреу білсе, біреу білмейді. Еліміздегі көптеген кеңселерде армстронг деп аталатын мұндай төбе жабындылары 60х60 сантиметрлік төртбұрышты болып келеді.

Осы армстронг жабындысының арасында дәл соның көлеміндей жарықшамдар қолданылады. Оның әрбірінде 4 қатарлы люминесцентті шамдар орнатылады. Алайда, мұның адам денсаулығына зияны жоқ деп ешкім айта алмайды. Сондықтан да, Түркістан локомотив пайдалану депосының қызметкерлері осы шамдарды зиянсыз шамға ауыстыруды дендеп қолға алған.  

Қолға алды деген айтуға ғана оңай. Әлгі шамды ауыстыру үшін Ұлттық компанияның тиісті бөліміне арнайы рационализаторлық өтінім беріп, тиімді баламасын ұсыну мен оны жүзеге асыруда қаншама ерік-жігер мен күш-қуат керек. Одан бөлек экологиялық тұрғыда зиянды жарықшамды жоюдың өзіндік тәртіп-талабына сай арнайы келісімшарт бекітіп, оның орындалуын мұқият бақылауда ұстау қажет. Мұның бәрі айналып келгенде кәсіпорынның бір қызметкеріне қосымша жүк, уақыт пен қол күшін босқа жұмсайтын орынсыз шығын іспеттес.  

Міне, түркістандық жігіттер дәл осы іспен айналысуға жол бермей, тиімді бағытта алға жылжудың тетігін тауыпты. ТЧЭ-33 мекемесінің жетекші инженері Санжар Шәкәрімов осы люминесцентті шамның орнына жарық-диодты ленталы шам қоюды ұсынып, ұтымды істің ұйытқысы болған.  

– Мән-жайды сараптай келгенде бұл тиімділігі зор амал болып шықты. Біз тиісті ереже, нұсқаулықтарға сай әрекет ете отырып, заң талаптары аясында осы жобаны жүзеге асырып шықтық. Қасымда бірлесе еңбектенген әріптес жігіттерге ризашығымды білдіремін. Себебі, осы жігіттер мен басшылық құрамның қолдауы болмаса, бұл жобаны орындап шыға алмас едім, – дейді Санжар Дауренбекұлы.  

Люминесцентті шамның ішінде сынап пен өзге де зиянды элементті газ құрамы болғандықтан, оны арнайы қоқыс жәшігіне бөлек тастау қажет. Санжардың зиян-зардабы бар осындай қауіпті заттан құтылуға қатысты ұсынысы Ұлттық компания жетекшілері тарапынан қолдау тауып іске асыруға пәрмен берілген. Оны қолынан іс келетін түркістандық жігіттер жедел ауыстырып, үлкенді-кішілі әріптестерінің алғысына бөленді.  

– Біз енді мүмкіндігінше үнемдеу арқылы артық шығынсыз әрекет еттік. Нәтижесінде, мекемеміздегі барлық люминесцентті шамдарды ауыстырдық. Ең бастысы қауіпті заттың залал-зардабының жайылу мүмкіндігін азайтуымызды үлкен олжа деуге болады, – дейді кейіпкеріміз.  

Жалпы, өңірдегі теміржол шаруашылығына қатысты мекемелердің барлық кеңсе, ғимараттарының ауласы көгалданып, жасыл-желекпен көмкерілген. А оларға күтім жасау күннің ыстығында күрт қиындайтыны сөзсіз. Әсіресе, оңтүстік өлкеде. түркістандық өнертапқыш жігіттер ойласа келе сол жұмысты да жеңілдетуге кірісіпті. Олар өндірістік цехтың шеберлерімен кеңесіп, ауланы тамшылатып суару мен суды бүркіп шашатын жүйелерді іске қосқан. Сондай-ақ, бұл амал жасыл-желекті жайқалтып өсіруде су үнемдеуге оң септігін тигізген. Одан бөлек күннің ми қайнатар ыстығында жоғары қысыммен суды тозаңдатып бүркитін құрылғы іске қосылып, кәсіпорын ауласында жайлы атфосфера қалыптастырған. Ал мұндай жанға жайлылық әріптестер арасында өзара ізет-құрметті арттырған.  

Жігіттер демекші, Санжардың командасында Нұрсұлтан Исабеков пен Тұрар Қалдыбеков сынды ақыл-ойы зерек жігіттер бар. Олар өзара ойласа келе қыстың күнгі жылымықта шатырдың етегіне қататын мұз құрсауына қатысты да жаңашыл тағы бір әдіс тауып іске асырыпты. Олар сыртқы шатыр жабындысының етегіне орнатылған суағарға бойынан жылу бөлетін электр сымын жүргізген. Нәтижесінде, суағар мен оның соңғы нүктесіндегі құбырға мұз қатпайтын болған. Одан бөлек, бұл әдіс сыртқы шатыр жабындыларын мұз қату салдарынан келетін мерзімінен бұрын бүлінуден де сақтайтын көрінеді.  

Санжар Шәкәрімов бүгінде Түркістан локомотив пайдалану депосында жылу техникаларының жетекші инженері болып еңбек етеді. 36 жастағы маман қос бүлдіршін тәрбиелеп отырған отбасынынң арқа сүйер азаматы. Педагогтар отбасында туып-өскен Санжар бала кезден техника ғылымының қыр-сырына әуес болған екен. Қазақ жол қатынастары университетінде оқыған жылдары сол қызығушылығы арта түсіп, түрлі тәжірибелерге қатысқан. Нәтижесі – міне.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты