Парасат биігінде

ҚТЖ келбеті
31.03.2026, 08:34
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Құрметті теміржолшы, саламен біте қайнасып, жарты ғасырға жуық ғұмырын арнаған Жұпарбек Сәбитовті кім білмейді?! Еңбек жолын қарапайым жол машинисі болып бастап, ұзақ жылдар теміржолшылар кәсіподағына қызмет етіп, еңбек адамының қамқоршысы және қорғаушысы ретінде танылған жан жетпіс жасқа толып отыр.

Жұпарбек Абзалбекұлы кәсіподаққа келмес бұрын теміржол өндірісінде ширек ғасыр тер төгіп, оның «асүйінде» әбден пісіп жетілді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітіріп, 1980 жылы еңбек жолын ВПО-3000 машинасының машинисі болып бастап, жол шебері, колонна бастығы, Тың темір жолына қарасты Жаңаарқа станциясындағы №245 Жол машинасы стансасының бас инженері қызметтерін атқарды. Жас маманның өз ісіне тыңғылықты, жауапты қасиеті елеусіз қалмай, қызмет сатысында тез өсті. Он шақты жылдан соң Арқалық станциясының бас инженері болып тағайындалды. 1994-1997 жылдары Тың темір жолына қарасты Ақмола бөлімшесінде бас механик, еңбек қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін, ал Ақмола екпе ағаштарын қорғау дистанциясында бас инженер лауазымын абыроймен атқарады. Сол жылдары Жұпарбек Абзалбекұлы Мәскеудегі Ресей жол қатынастары академиясында қазандықты қадағалау нысандарына жауапты тұлға ретінде біліктілігін арттырып, білімін көтерді.

Кейіпкеріміздің кәсіподақ саласындағы жұмысы 1997 жылы басталды десе де болады. Ақмола жол кәсіподағында еңбек қорғау жөніндегі өкілетті инспектор болып бастаған еңбек жолы ҚР Теміржолшылар кәсіподағы төрағасының орынбасары лауазымына дейін өсті. Айтуға оңай, бұл жылдар аралығында қаншама маңдай тер төгіліп, жұмыс атқарылып, жүйке жұқарды. Қарапайым еңбек адамын қара жұмыстың қазанында бұрқсарқ қайнап, басынан өткізген адам ғана түсінсе керек. Міне, Жұпарбек Сәбитов өндірістік және қоғамдық қызметтердің сан қырлы сүрлеуінен сүрінбей өтіп, еңбекпен қатар өмірлік мол тәжірибе жинаған жан ретінде қай жерде еңбек дауы туындайды, сол жерде жүрді, машинистер мен жолшылар арасында олардың еңбек құқығын қорғап, талай айтысты, тартысты да, жеңіске де жетті, жеңіліс тапқан тұстар да болды әрине. Сондықтан да оның еңбек адамдары арасындағы беделі биік, мәртебесі жоғары.  

«Жұпарбек Абзалбекұлымен бірге қызмет атқарған жылдары оның алдына қойған мақсат-міндетті шешуде ұстанымы берік принципшіл қасиетін танып білдік. Сала кәсіподағы төрағасының орынбасары қызметінде ұзақ жылдар Ұжымдық келісімшартты жасақтау жұмысын басқарды. Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайын құру және жақсарту, еңбекақыны көтеру, жұмысшылар мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру мәселелерін дамыту, сондай-ақ басқа да көптеген өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірді», – дейді кейіпкерімізбен ұзақ уақыт қоян-қолтық еңбек еткен әріптесі Нәзира Серікқызы.  

Бүгінде кәсіподақ төрағасының кеңесшісі ретінде мол тәжірибесімен бөлісіп отырған кейіпкеріміз «Құрметті теміржолшы» белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, басқа да салалық және кәсіподақ марапаттары – көп жылғы ақ-адал еңбектің өтеуі. Жетпісінші көктемін парасат биігінде қарсы алып отырған мерейтой иесіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды