Әке өсиетіне адалдық

ҚТЖ келбеті
20.06.2019, 10:55
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жезді елінің Ақадыр ауданына қарасты Босаға ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген кейіпкеріміздің темір жол саласында тер төгіп, несібесін теріп жүргеніне де отыз жыл. Бүгін ердің жасы елуге толып отырған жігіт ағасы кезінде әкесінің ақылымен осы саланы таңдағанына өкінбейді.

Кеңес Одағының ыдырайтынын сезсе керек, 1986 жылы орта мектепті бітірген ұлын әкесі шақырып алып, «балам, ауыл шаруашылығының болашағы бұрынғыдай емес, бұлыңғыр болып барады, сондықтан ешқашан тоқтамайтын сала, өлмейтін кәсіп – теміржолшы болсаң, қор болмайсың» деп кеңес берген екен. Даукеңе әкесінің бұлай деп кеңес беруінің де себебі бар еді. Отбасында жетінші бала болып келетін оның алдындағы бауырлары да ата-анасының жолын таңдап, ауыл шаруашылығы мамандары болатын. Содан он жеті жастағы кейіпкеріміз Алматыға барып байланыс техникумына оқуға түседі. Оны араға үш жыл салып «Байланыс электромеханигі» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Жас маман алған білімін кіндік қаны тамған туған жерінде пайдаланбақ ниетпен Ақадырға келіп, «Ақадыр байланыс торабына» жұмысқа тұрады. Бірақ, көп кешікпей Москва облысының Дубна қаласында «Әскери құрылысшы қызметкерлерін дайындау училищесінде» байланыс бөлімшесінің командирі ретінде әскери борышын өтейді. Елге оралған соң тепсе темір үзетін жас жігітті Ақадыр сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері Қайыргелді Омаров «бізге сен сияқты жас мамандар керек» деп жұмысқа шақырады. Аға сөзін жерге тастамай, Даукең сол мекемеге басыбүтін жұмысқа тұрады. Міне, содан бері отыз жылдай уақыт өтіпті. Байланыс электромонтері болып жұмысқа тұрған Дауылбай Сағындықов сегіз жыл Дария – Мойынты станциялары аралығында «Аға байланыс электромеханигі» қызметін атқарып, байланыс құрылғыларының қалтқысыз қызметін қамтамасыз ету арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына сүбелі үлес қосты. Ал кейіннен осы станциялар аралығында «Байланыс учаскесінің бастығы» қызметіне тағайындалады.

«Дауылбай Бақтыбайұлы – өз ісіне берілген жан. Жұмысына өте жауапты. Еңбекте адал. Қай шаруаны қолына алса да, оны түбіне дейін жеткізбей көңілі көншімейді. Өмірден көрген-түйгенімен, еңбекте жинаған тәжірибесімен ылғи бөлісіп жүреді. Жастарды еңбекке баулып, өз ісінің маманы болуға тәрбиелеп келеді. Ұжымда құрметке ие, әріптестеріне сыйлы. Дауылбай Сағындықовтың Ақадыр сигнализация және байланыс мекемесінде менің Құлайғыр – Мойынты аралығындағы байланыс жөніндегі орынбасарым болып қызмет атқарып келе жатқанына биыл тура он бес жыл. Даукең сияқты еңбекте болаттай балқып, шойындай шыңдалған жандар бізге қымбат. Мұндай майталмандармен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет», – деп ой бөліседі Ақадыр сигнализация және байланыс дистанциясының директоры Қуантай Мертайұлы.

Бүгінде екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған Дауылбай ағамыз мектеп жасындағы ұлдарының бірі әке жолын қуып, теміржолшы болса деген арман-тілегі бар екенін де жасырмады. Жазда саябақта отбасымен, ал қыста таза ауада серуендеп, кітап оқығанды жаны сүйетін кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы – марқұм әкесі өсиет еткендей, өмірде де, еңбекте де адалдықтың ала жібін аттамау. Бүгінде өсіп келе жатқан жасөспірім ұлдарына өзі де өсиет ететіні – осы.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты