Шудың Шолпаны бар: ерлермен теңдей атқарады

ҚТЖ келбеті
09.07.2019, 11:55

Теміржолдың мазасыз да тынымсыз жұмысын ерлермен теңдей атқарып, онымен қоса от басы, ошақ қасының да жұмысын дөңгелетіп жүрген нәзік жандар аз емес. Шу қаласындағы темір жол вокзалының басшысы Арысбаева Шолпан Айдарқызы – солардың бірі. 

Жолаушылар мен жүк тасымалының басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған темір жол саласының қызметі оңай емес. Жолаушыларға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету де теміржолшылар алдында тұрған басты міндеттің бірі. Шолпан Арысбаева басқаратын Шу вокзалы – нағыз теміржолдың торабы. Күндіз де, түнде де ерсілі-қарсылы зулап жататын жолаушы құрамдарында есеп жоқ. Олардың бәрі де Шу вокзалынан ең кемі жарты сағат аялдап, жолаушы біткен перрондағы қысы-жазы қайнап жататын көкөніс саудасына лап қояды.

Қарамағындағы 30-ға жуық қызметкері бар Шолпан басқаратын вокзал ұжымы келіпкеткен жолаушы халықтан бөлек, осы 35 жұп жолаушы пойыздарындағы транзит жолаушыларға да қызмет көрсетеді. Қыс айларында мұндағы вокзал қызметін тәулігіне 500-ден аса жолаушы пайдаланатын болса, жаз айларында адам саны 1500-ден 2000-ға дейін жетеді екен. Вокзалдың қарбалас тірлігін жүйелі жолға қойып, іште де, сыртта да тазалық пен тәртіп орнатып, қонақжай пейілмен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – Шолпанның негізінен әйелдерден құралған ұжымының басты міндеті. Және бұл міндетті олар абыроймен атқарып отыр деуге болады. Адам болған соң әртүрлі, өткен-кеткен жолаушыдан шағым айтылмай тұрмайды, әрине, бірақ вокзал бастығы тәуліктің кез келген уақытында су мен жарық болып, анықтама беретін, билет сататын, ақша беретін электрондық құрылғылар қызметінің мінсіз болуын талап етеді. «Жолаушының қажетін өтеу міндетіміз екені рас және ең үлкен сауапты іс екенін ұмытпаңдар» деп айтып отырады әріптестеріне.

Бүгінде жасы 50-ге таяп қалған Шолпан өмірінің 31 жылын темір жол саласына арнапты. Алғашқы еңбек жолы ел тарихындағы қиынқыстау кезеңмен тұспа-тұс келген екен. Алматы қаласындағы темір жол колледжін, мұнан кейін Орта Азия университетін экономика факультеті бойынша тәмамдаған ол кейіннен М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясында «Тасымалдау мен жүк қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша да білім алған. Басшылық қызметке дейін вагон операторы болып еңбек етіп, 1988 жылдан бастап темір жолдың әр саласында еңбек етіп келеді. 2011 жылы Шу темір жол вокзалының бастығы болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін сол қызметті абыроймен атқаруда.

Жалпы, Шу – ежелден теміржолшылар қоныстанған ірі тораптық станция болса да осындағы 1015 теміржол мекемелерін бірде-бір әйел басқармапты. Шолпан – Шу ауданының темір жол саласында басшылық қызметке тағайындалған тұңғыш әйел екен. Бұл да өз кезегінде Шолпанның қайсарлығы мен алғырлығын білдірсе керек және оған жүктелген үлкен сенім. Ал Шу халқы үшін вокзал бастығының орны бөлек. Жұмыс керек болса да, билет керек болса да, орын керек болса да Шолпанды іздеп келеді. Және ол солардың бәріне көмектескісі келеді. «Шешілмейтін түйін жоқ, ең болмаса тырысып көрейік» дейді кейде. Сондықтан үлкен-кішіден «Шолпанға барсаңшы, Шолпанымыз бар ғой, билет табылар» деп жатқанын талай естідік.

Ал от басы, ошақ қасы жайлы сөз етсек, Шолпан Айдарқызы – үш бірдей ұлды тәрбиелеп отырған аяулы ана. Ортаншы ұлы өзінің ізін жалғап, темір жол саласында қызмет етіп келеді.

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды