Арыста тұған Арыстан

ҚТЖ келбеті
25.07.2019, 11:58
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас ревизоры Арыстан Қалшабеков теміржолшылар дүниеге келетін, оларды дайындап шығаратын ұстахана сынды Арыста туғанын мақтан тұтады.

Сол теміржолшылар қаласынан шыққан Арыстан Салыбекұлы күні кеше 63 жасқа толып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты. Шымкент темір жол бөлімшесінің ұжымы әріптестерін құрметті демалысқа салтанатпен шығарып салды. 1999 жылдың 22 қаңтарынан бүгінге дейін абыроймен еңбек еткен ол 20 жыл 5 ай Шымкент бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігінің бас ревизоры болыпты. Жалпы, теміржол саласындағы 46 жылының 26 жылы Шымкент бөлімшесінде өткен.

«Әр жылдың басында қозғалыс департаменті бір жылдық жоспарды бекітеді. Біздің басты міндетіміз – сол жоспарға байланысты әр мекемеге жоспарлы, жоспардан тыс тексерістер жүргіземіз. Негізгі бағытымыз мекемелердегі жіберген, болып жатқан кемшіліктерді анықтау. Кемшіліктерді болдырмау, алдын алу бағытындағы жұмыс жүргізу. Мекеме басшысынан бастап қарапайым теміржолшыға дейін өз міндетін қалай атқарып жатыр, қандай кемшіліктер жіберді, өздеріне бекітілген жұмыстарды қай деңгейде орындауда, тексеріп, хаттама жазамыз», – деген болатын бас ревизор осыдан бірнеше ай бұрын берген сұхбатында.

Бас ревизор жоспарлы тексеріс барысында көбіне қандай кемшіліктер табатынына тәптіштей тоқталған.

– Жол шаруашылығында жол бойындағы рельстердің, бұрмалардың өз деңгейінде сақталмауына не себеп болды, соны анықтаймыз. Егер темір жол жылдамдыққа сай болмаса шектеу қойып, жылдамдықты азайтамыз. Жолдың жағдайына байланысты рельстің астында жатқан бетон, ағаш шпалдар сай келмесе, шектеу қоя аламыз. Рельстің ұзындығы, түйіспе жолдар қандай деңгейде жатыр, тексереміз. Сонымен қатар, кейінгі шыққан локомотивтерді, Қазақстанда жасалған «Эволюшн» тепловоздарын, олардың сапасын анықтаймыз. Машинистер мен олардың көмекшілерінің білім-біліктілігі, өз қызметтерін қандай деңгейде атқарып жатыр, қандай кемшіліктер бар, кабинаның ішінде жүріп, яғни «жұмыс орнында» тексереміз. Жол бойындағы қоңыраулардың, электр бағдаршамдарының жасыл, көк, сары түстері ережеге байланысты көрініп тұр ма, оны да тексереміз. Жалпы, жол шаруашылығы – күрделі мәселе. Себебі, әрқайсысының өз мерзімі бар. Деполарда ағымдық жөндеу болған кезде жөндеу жұмыстары сапалы, өз деңгейінде болып жатыр ма, қадағалаймыз. Бұдан бөлек, бекеттердегі бақылау пункттерінің, вагон бақылаушыларының дайын болған пойызды қай деңгейде көргенін, қандай кемшіліктерді тапты, бақылаймыз. Қандай да бір кемшілік шығатын болса, «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Е.Ермановқа, магистральдық желі бөлімшесінің директоры М.Оңаловқа хаттар жолданып, тиісті шара қолданылады. Өз тарапымыздан жұмыс барысында аталған кемшіліктердің қайталанбауын талап етеміз», – деген болатын бас ревизор.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті, аты айтып тұрғандай, сан салалы теміржолдың күретамырына қан жүгіртіп, қай жерде ақау кетті, ескертіп, бақылап, кемшілікті болдырмауға тырысады. Бас ревизордың айтуынша, тексеріс тиянақты, талап күшті болса, бөлімшенің жұмысы алға басады. Осы орайда, бас ревизордың Шымкент теміржолының үнемі көш басынан көрініп, бәйгенің алдын бермей келе жатқанына өз үлесін қосып отырғанын ешкім жоққа шығара алмаса керек.

«Кез келген аурудың алдын алсаң жазылып кетеді» дейді ғой, сол сияқты кемшіліктердің алдын алу, қызметкерлерге қырағы болып, ақауларды болдырмау арқылы көп жетістікке жетуге болады. Егерде кемшіліктер өз деңгейінен жоғары болса, қызметкерлерді кезектен тыс тексеруге жібереміз. Білімі сай ма, сай емес пе, сол бағытта жұмыс істейміз. Жыл сайын тоқсандық, жартыжылдық, жылдық талдау жасаймыз. Жылына екі мәрте Қазақстан темір жолындағы Бас департамент бастықтарына, алты айдың ішінде қандай жұмыстар жүргізілді, қандай кемшіліктер табылды, есеп береміз. Олар біздің жұмысымызға бағасын береді. Әрине, жұмыс болған соң бәрі керемет болуы мүмкін емес, кемшіліктеріміз де болды, 20 жыл 5 ай қызметте қиын да күрделі саланың қызығы да, шыжығы да көп болды», – дейді зейнеткерлікке шығып жатқан Арыстан Салыбекұлы. Қарамағында 5 ревизор, 1 инженер бар. Бөлімнің жүгін арқалаған 6 маман өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып келе жатқаны шәк келтірмейді.

«Біздің жұмыс расында күрделі. Вагон, локомотив шаруашылығы – бәріміз біргеміз. Жазда күннің ыстығына, қыста суыққа байла- нысты бақылау жасаймыз. Мәселен, қыста рельстің температурасын алып, бақылау жасап отырамыз. Ал күн ысыған кезде рельстер қалай жатыр, назарымызда болады. Одан басқа, күнделікті жоспар бойынша жұмыстар істелініп жатыр ма, қызметкерлер саны сай ма, құрал-жабдықтар жасақталған ба, қадағалаймыз, егер толық болмаса шектеу қойып, ары қарай толық болғанша жұмысты жүргізбейміз, яғни техника жұмыс көлеміне сай болуы тиіс», – дейді.

Арыстан Салыбекұлын теміржолшы болуға не алып келді деген сауалымызға теміржолшылар қаласы Арыс өңірінен шыққан теміржолшылар әулетінен шыққанымен байланыстырды.

«Арыста тудым. Арыс станциясы – тоғыз жолдың торабы түйіскен жер, теміржолшылар қаласы. Әкем теміржолшы. Әскери борышымды орындап келгеннен кейін Арыс станциясында дәнекерлеуші болып істедім. Қарапайым жұмысшы да, бақылаушы, аға бақылаушы, аға шебер, бақылау пунктінің бастығы, бригадир, депоның бастығы, бас инженер болдым. 45 жыл еңбек өтілімнің 22 жылын Шымкент бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігін басқарып келдім. Осы қызметте алғашқы ұстаздарымның бірі Борис Есенаманов, Қанат Мұхамеджанов, Бекболат Қойжанұлы болса, Иван Костыря, Лесбек Жаңабаев, Марат Шакенов сынды әріптестеріммен қоян-қолтық қызмет атқарып, жас та болса үйренгенім көп болды», – деген Арыстан Қалшабеков барлық әріптестеріне денсаулық, қызметте жемісті еңбек пен абырой тіледі. 

Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ жеті айда 177 млн тонна жүк тасымалдады
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуда – Жақыпов
Жаңалықтар
19.08.2025
Қазақстан 456 локомотив сатып алады
Жаңалықтар
19.08.2025
Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Қауіпсіздік
19.08.2025
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет
Спорт
19.08.2025
Кіл мықтылар анықталды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Ұрлық түбі – қорлық
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы мамандығына грант саны артуда
Жаңалықтар
19.08.2025
Ұлы ақынды ұлықтады
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Бибігүлдің жүрек қалауы
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Құрметті теміржолшы Асқар Шокулбаевтың еңбек жолы
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы отбасы жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Өрт сөндіру пойызы тосын жайтқа толықтай даяр
Жаңалықтар / Мұрағат
19.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66-67 19 тамыз 2025 жыл
Аймақтар
18.08.2025
Шиелі станциясы – жүк айналымның өзегі
Бейнелер
18.08.2025
Елордаға саяхат (Видео)
Жүк тасымалы
18.08.2025
Астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты
Аймақтар
18.08.2025
Сай-Өтес станциясында «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы өтті
Аймақтар
18.08.2025
Цифрлық трансформацияға жол ашқан майталман маман
Жолаушылар тасымалы
18.08.2025
ҚТЖ теміржол билеттеріне 40%-ға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынады