Алтынкөл жол дистанциясының көпір шебері

ҚТЖ келбеті
31.07.2019, 12:32
Оқуға 3 мин
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Алтынкөл жол дистанциясының көпір шебері Қайрат Айымбаевқа «кәсіби маман» деген атақ таңылғалы қашан. Өйткені көп жыл бойы темір жолға мінсіз қызмет етіп келе жатқан теміржолшының өз ісінің нағыз шебері екенін дәлелдейтін мысалдар көп.

Жалпы, теміржолда өз мамандығына құлай берілген, тіпті ғашық адамдар аз емес, және олардың дені еңбек династияларын құрайды. Қайрат Маратұлы – атақты Пірмановтар әулетінің өкілі, 1958 жылдан 1976 жылға дейін Жамбыл жол бөлімшесін басқарған Байзақ Пірмановты кім білмейді. Қайрат осы бір жомарт жүректі, Брежневке «Я не Бальзак, а Байзак, и я казах» деп жауап беретін теміржолшының ұрпағы екенін мақтан тұтады.

Сегізінші сыныптан кейін Жамбыл теміржол училищесіне түсіп, тепловоз машинисінің көмекшісі мамандығын алып бастаған еңбек жолы депода емес, жол дистанциясында жолшы болудан басталды. Осы салаға бауыр басқаны сонша, кейін депоға баруға зауқы соқпады, қайта жол шаруашылығы, жасанды құрылыстар тақырыбын дендеп оқып білімін молайтты. Өндірістен қол үзбей Алматы темір жол көлігі институтын бітіріп, диплом алды. 1993 жылы Жамбыл жол дистанциясына жол бригадирі, содан кейін жол шебері болып ауысты. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болды.

Тоқсаныншы жылдардың соңында оның Түркістан өңіріндегі еңбек жолы басталды. Түркістан жол дистанциясына ауысып, жол шаруашылығының барлық қызметтік сатысынан өтті: жол колоннасының бригадирі, көпір шебері, түйіспесіз жол бригадирі, технолог ин женер, т.т. лауазымдарын атқарып, мол тәжірибе жинады. 2004 жылы Қайрат Анар жол дистанциясына технолог-инженер болып ауысып, ұзамай Сарышаған жол дистанциясына бас инженер болып тағайындалды. Бұл оның қай жағынан да кемелінен келіп толысқан, нағыз маман болып қалыптасқан шағы еді. Өзін басшы ретінде де, кәсіби маман ретінде де көрсете білді. Бұл жерде ол көптеген проблемаларға тап болды, кадрлардың тұрақсыздығы, сауатсыздықпен күресті, басшыдан бастап қарапайым жолшыға дейін білім жетілдіруді, стандартты емес жағдайда әрекет етуді талап етті.

Оның беделі, батыл шешімдері, ұйымдастырушылық қабілеті ұжымды алға сүйреп, қойылған міндеттерді орындауға жол ашты. Өндірістік оқыту шебері болып істеген тәжірибесі де көмектесті. 2014 жылдың наурыз айынан бастап Қайрат Маратұлы Алтынкөл жол дистанциясында көпір шебері болып жұмысын бастады. Оның учаскесі өте күрделі еді, оның құзыретіне Қорғас көпірін бақылау және қызмет көрсету кіреді, сондықтан мұнда тәжірибелі маман бекер таңдалмаса керек. Ол өзіне сеніп тапсырылған құрылыстардың жайкүйін бүгінде бес саусағындай біледі және белгіленген жылдамдықтағы пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысы үшін оларды күтіп ұстауға барлық білімі мен тәжірибесін жұмсауда.

Қайрат Маратұлы – істің адамы. Оның әрбір жұмыс күні кестеге сай. Әрбір күні кешке келесі күннің жоспарын белгілеп, оны орындауға тырысады. Дистанцияның техникалық бөлімімен бірлесіп, сумен, қармен күресті ұйымдастыру жоспарын жасайды. Өткен жылдардың тәжірибесі негізінде Қайрат Маратұлы биыл жолдар мен жасанды құрылыстарды су тасқыны мен табиғи апаттардан қорғау схемасын жасап, аса қауіпті орындарды анықтап, тізбесін жасады. Өйткені, Қорғас өзені өзінің мінезін танытып, су тасқыны кезінде көпір шеберінен ерекше күш-қайрат талап еткен.

– Қорғас өзені арқылы өтетін көпір – тәулік бойы бақылау жүргізілетін нысан болғандықтан оған назар да ерекше. Біздің жұмысымыз өте күрделі және жауапты, жалғыз білім аздық етеді, ең бастысы түйсік дамыған болуы керек, жастарды осыған тәрбиелеймін, – дейді Қайрат Маратұлы.

Көпір шебері бүгін де жоспарлы шолуға шығып, телім бойын аралап, жасанды құрылыстарды тексеріп шықты. Жаздың келте маусымы әне-міне аяқталып, жауын-шашынды күз, одан әрі қыраулы қыс келетінін қандай теміржолшы ұмытсын... 

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде