Машинист мәртебесі

ҚТЖ келбеті
15.08.2019, 11:28
Оқуға 3 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Тура тоқсан жыл тарихы бар Аягөз локомотив пайдалану депосы машинистердің кәсіби ұстаханасы десек, артық емес. Осы даңқты деподан түлеп ұшқан талай теміржолшылар алды бүгінде ұлттық компанияда, еліміздің өзге деполарында басшылық қызметте жүр. Дегенмен, аталар жолымен атамекенде еңбек етіп, машинист деген абыройлы атқа кір келтірмей, үздік қызметімен танылып жүргендер де баршылық.

Аягөз локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Өнербек Қожақымбаев сонау 1980 жылдың желтоқсан айында тепловоз кабинасына еңкейіп кіргені әлі есінде. Бұл – төрт ай тепловоз машинисінің көмекшісін даярлайтын оқу курсына барған кезі. Көп ұзамай-ақ депода дублер болып жұмыс істеп бастады. Міне, содан бергі аралықта оның еңбек кітапшасында тек бір ғана мекеменің атауы жазулы тұр. Ол, әрине, Аягөз локомотив депосы. Қазіргі күні Ақтоғай-Аягөз, Аягөз-Шар телімдері бойында тепловоз тартымы қызметін атқарып отырған депоның маңдайалды мақтаулы машинистерінің бірі.

– Өндірістік тәжірибенің берері сол, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда қырағылық қалыптасады. Өнербек Советұлы – күрделі өндірістік мәселелерде ұтымды шешім қабылдауға аса қабілетті маман, – дейді депо басшылығы ол туралы.

Технологиялық және еңбек тәртіптерін қатаң сақтайтындықтан барлық тапсырмаларды дер кезінде әрі сапалы орындайтын машинист жас мамандарға тәлімгер болып бекітілген. Бүгінгі күнге дейін 2 тепловоз машинисі мен 4 машинист көмекшісін ерінбей-жалықпай үйретіп шығарыпты.

Өнербек Советұлының кәсіптік машығы сан түрлі. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жарты жыл ішінде 3211 кг тепловоз жанармай үнемдепті. Оған да шеберлік керек әрине. Бөлімше бойынша бұл рекордты жаңалаған ешкім жоқ. Осы мәселені ескерген Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы озат машинистің тәжірибесін оның өзге әріптестеріне, әсіресе жастар қауымына үлгі етуде.

Бір бұл емес, бүгінгі күні жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын орындауда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Бұл – жылдағы дағдысы. Мәселен, оның техникалық жылдамдықтың орындау көрсеткіші, учаскелік жылдамдық, сондайақ, оның жетекшілігіндегі локомотив бригадасының тасымалдау жұмысының көлемі әрдайым 100-120дан жоғары пайызды құрайды.

Тепловоз машинистері үшін жүктелер тағы бір үлкен жауаптылық – темір тұлпардың техникалық пайдалану ережелерін мүлтіксіз орындау, өзіне бекітіліп берілген көліктің ақаусыз, қалыпты жұмыс істеуін қадағалау. Бұл ретте Аягөз локомотив пайдалану депосында дәл Өнербек Советұлы тәрізді маман жоқтың қасы дейді әрептестері. Өзі жүргізетін темір тұлпардың «құйрық-жалын» сүзіп, жолға шығар алдында «жүйрікті бәйгеге жаратқандай» өзі баптайды екен. Тіпті, техникалық жөндеу ісінің де кәнігі шеберіне айналған. Оған мысал жетерлік. Май құбыры жарылған тепловоз ақауын дер кезінде байқап, жедел қалпына келтіріп, үлкен келеңсіздіктің алдын алғаны бар. Сол тәрізді жол үстінде ірі қара үйірін қағып кетудің де сан мәрте алдын алды. Ондай шұғыл тежелу сәттерінде тепловоз дөңгелегінің рельске түсер үйкеліс күшін азайту үшін мейлінше шеберлік танытады.

Әрдайым өзгелерден оқ бойы озық жүру оның өмірлік ұстанымы сияқты. Ештеңені жоспарлап алға ұмтылмаса да солай шығады. Ал Өнербек Советұлының көзбояушылыққа жаны қас, мақсатым – адал еңбек ету, өзімнің жұмыс орным – тепловоз кабинасында өткізген әр сағатым қымбат дейді. 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды