Майталман мамандар мектебінен шыққан

ҚТЖ келбеті
15.08.2019, 13:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз-Жарма телімінің аралығында Үшбиік атты іргелі станция бар. Заманында Түрксіб құрылысшыларының құрыш білегімен тұрғызылған елді мекендегі тарамтарам кірмежолдарға бүгінде Аягөз жол дистанциясы күтім жүргізеді. 

Ал, үшбиіктік жолшылар қауымы – кезінде дәуірлеп тұрған Жарма жол дистанциясының бүгінгі өкілдері, майталман мамандар мектебі болған кешегі іргелі мекеменің жұрнағы. Сол дистанцияда еңбек еткен, атқарған ісі аңызға бергісіз Түрксіб құрылысшыларының тәлімін көрген санаулы аға буын өкілдерінің бірі – Ғазизхан Қасенов.

ПЧ-42 – Аягөз жол дистанциясына қарасты 10-шы околодканың жол шебері Ғазиз-хан Ыхтиярұлы Семей магистральдық желі бөлімшесінің барлық теміржолшыларына таныс десек, қателеспейміз. Әсіресе жол шаруашылығының ревизорлары оны жақсы біледі. Жақсы білетін себебі, көктем мен күзгі комиссиялық бақылау кездерінде Ғазиз-хан жауапты телімнен олар еш мін таппайды. Жолшылар қауымының біліктілігін сынға салу үшін ұйымдастырылатын түрлі айлықтар мен акциялар барысында да Семей магистральдық желі бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары рельс пен шпалдар төсемін бірнеше қайтара түгел сүзіп шыққанмен кілтипан таба алмайды екен. Сол себептен де ескертулер мен сөгіс берілуі тиіс мұндай тексерістер барысында Ғазиз-хан Ыхтиярұлына Алғыс хат беруге мәжбүр. Тіпті, бұл жыл сайынғы дәстүрге айналғандай. Тәртіптік жауапкершілікке тартылу, ескерту алу оған мүлде жат түсінік. Ал Ғазекеңнің жұмыс орнында, көрнекті жерде барлық ұлттық компания басшыларының алғыс хаттары ілулі тұр.

Ғазиз-хан Қасенов жетекшілік ететін бригадалар околодка бойынша жолдың балдық көрсеткішін биыл 129 пайызға жеткізіп, жалпы жол күтімі 140 пайызға артығымен орындалған. Ағымдық жөндеу жұмыстары нәтижелі. Мұның сыртында жол шеберінің жетекшілігімен қолға алынған өзге де жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталыпты. Яғни, жүктелінген телім бойы алдағы қысқа толықтай даяр деген сөз.

Өз қарамағындағы околодкада еңбек ететін төрт бригададағы 24 жолшының барлығы да дәл Ғазиз-хан тәрізді темірдей тәртіпке дағдыланған. Дәл қазіргі күні жол шеберінің жетекшілігімен 16 жол монтері жұмыла жұмыс жүргізіп, теміржол өткелін толықтай жөндеп, талапқа сай етті.

Жол шеберінің жанына әсіресе жас жолшылар үйір. Жолды қарап шығуда сапалы тексеріс жүргізуді үйретуден ол әсте жалыққан емес. Жас буынға кәсіби тұрғыдан тәлім беру, тәжірибесімен бөлісу – Ғазиз-ханның аса бір ұнататын ісі. Сонау жылдарда жол шаруашылығында 44 жыл еңбек өтілі бар, майталман жол шебері болған өз әкесінің қасына ілесе жүріп, осынау мамандықтың қыр-сырына толық қаныққан еді. Қазіргі таңда үш ұлын да жол саласына тартып, ата кәсіпке баулуда.

– Адамға кәсіби біліктілік жұмысқа ынта қоюмен, өз мамандығыңды жақсы көрумен және ұзақ жылдар еңбек өтілі нәтижесінде бай тәжірибемен келеді екен. Осыдан тұп-тура 45 жыл бұрын Жарма жол дистанциясына, әкемнің жанына жолшы болып жұмысқа тұрған едім. Уақыт шіркін өте шықты. Заман жастардыкі ғой. Дегенмен, өзім көзін көрген, еліктеген, тағылым алған кешегі даңқты жолшылардан үйренгенімді жас буынға үйретуден рахат табамын, – дейді Ғазиз-хан Қасенов.

Жол шебері жасының ұлғайған шағында Алматыдағы теміржол көлігі техникумын бітіріп, техник-жолшы мамандығын алған. Жыл сайынғы ұйымдастырылатын біліктілік шыңдау шараларынан, дәрістер мен оқулардан қалған емес. «Тәжірибе өз алдына, теориялық білім де қажет» дейді.

– Ғазиз-хан Ыхтиярұлы тәрізді өз ісіне аса құнтты жол шеберін көрген емеспіз. Қажетті жағдайда дефектоскопиялық тележка операторына да кеңес бере алады, тіпті, орталықтан тексеруге келетін комиссия өкілдерінің өзі ақыл-кеңес сұрап жататын кездер аз болмайды, – дейді онымен бірге талай жыл еңбек етіп келе жатқан әріптестері.

Ал, Ғазиз-хан Ыхтиярұлы еңбек демалысында да ұзақ бола алмайтын жан екен. «Желі бойына шықпасам бойым жазылмайтындай. Май сіңген шпал иісін сағынамын да тұрамын, – дейді өзі. Ешбір әсірелеу емес, бұл үйреншікті дағдыға айналған, кәсібімен біте қайнасқан нағыз еңбек адамдарының көбінде кездесетін құбылыс дер едік.

Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды