Пойыз диспетчері

ҚТЖ келбеті
11.10.2019, 14:52
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол бөлімшесіндегі шұғыл басқару бөлімінің пойыз диспетчері Ерлан Жүсіпбеков – пойыздар қозғалысын ұйымдастырумен айналысатын жауапты маман. Бұл салада тәжірибесі де жетерлік.

«Теміржолшы болуды бала күнімнен армандадым. Қазір өзім арман еткен салада еңбек етіп жүрмін, отандық теміржолдың дамуына титтей болса да үлесімді қосып, адал еңбек ету – басты ұстанымым» дейді ол. Оның қарамағына Арыс-Түлкібас учаскесі кіреді. Шұғыл басқару бөлімі, аты айтып тұрғандай, қандай да бір оқыс оқиға, апат туындай қалса, шұғыл шешім шығара білуімен, қауіптің алдын алуымен ерекшеленеді, мұндағы диспетчерлер қырағылықпен қатар сауатты да тәжірибелі болуы ескеріледі.

Осыдан 3 айдан астам уақыт бұрын Арыста орын алған оқиға кезінде осы шұғыл басқару бөлімінің тікелей араласуымен 118 адам Шымкентке пойызбен жеткізілген еді. Сол күні кезекшілікте болған Ерлан оқиғаның қалай өрбігенін әңгімелеп берді.

«Әдеттегідей 24 маусым күні таңғы сағат тоғызда ауысымға түстім. Таңертең өзіме қарасты Арыс-Түлкібас учаскесіндегі барлық кезекшілерді шақырып алып, лездеме өткізіп жатқанбыз. Сол кезде Арыс-2 станциясының кезекшісінен «Әзірге пойыздарды жібермей тұра тұрыңдар, өзіміз бір хабарын береміз» деген хабарлама келді. Елең ете қалдық. Артынша 1-2 минуттан соң станция кезекшісі Арыс қаласындағы әскери бөлімде жарылыс болып жатқанын хабарлады. Біз шұғыл түрде Арысқа бет алған жолаушылар пойызы мен жүк вагондарын тоқтаттық. Абыр-сабыр басталды. Басшылар келіп, жоғарғы жақпен кеңесіп, пойыздарды қандай бағыттарға жіберуіміз керектігін шешіп жатты. Арыспен бес минут сайын хабарласып жағдайды біліп отырдық», – деп баяндады Ерлан.

Ерғали Мырзахметов деген станция кезекшісі адамдар жаппай қашып жатқанын, қырдың бойында да халық жиналып қалғанын жеткізеді. Пойыз диспетчері Ерлан басшыларға жағдайды баяндап, жарылыстың салдарынан адамдар қорқып, үрейге бой алдырып, бет-бетімен қаша бастағанын, оларды құтқаруға көмек қолын созуды ұсынады. Басшылықтың рұқсатымен дереу Қалаш станциясындағы теміржолшыларға хабарласып, маневрлік тепловоз бен қолда бар вагондарды бөліп, көмекке жіберіледі. 5 жабық вагон тіркеген тепловоз Арыс қаласына жетпей орналасқан Қалаш станциясындағы Ақпан разъезінен 118 адамды тиеп алып Шымкент станциясына жеткізеді. «Жабық вагонда күн ыстық, бала-шаға бәрі жабылып мініп алған. Жолда адамдар шөлдегендіктен, тепловозды тоқтатып, су ішіп алды. Шымкент вокзалында оларды арнайы дайындалған жерлерге орналастырып, штабтан азық-түлік, керек-жарақ жеткізілді. Жалпы, Арыс оқиғасы – ел басына күн туса, халықтың жұмылған жұдырықтай болып біріге алатынын, кез келген қиындықты жеңетін күшке айналатынын көрсетті», – дейді кейіпкеріміз үлкен ризашылықпен. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты