Біз білетін Құрметті теміржолшы Нұрғазы Ауданбаев

ҚТЖ келбеті
10.06.2020, 12:18

Біз білетін Құрметті теміржолшы Нұрғазы Ауданбаев елін сүйген, елі үшін еңбек етуді бүкіл саналы ғұмырына мұрат еткен біртуар азамат еді. Биыл 80 жасқа толатын азамат, осыдан 20 жыл бұрын, зейнетке шығар-шықпас 59 жасқа қараған шағында бақилық болды. Бүгін саналы ғұмырын теміржолға арнап, осы салаға бір кісідей еңбегі сіңген аяулы жан туралы естелік айтып, ел есіне салуды мақсат етіп отырмыз. 

Нұрғазы... Нұрғазы доспен танысып, қимас достыққа ұласқан жолдастығымыздың басталған күні кеше ғана сиякты еді. Бәрі көз алдымда. Өткен ғасырдың 1968-1969 жылдары болатын.

Сұңғақ бойлы, ақ құбаша, қыр мұрынды, өткір қой көзді жігітпен 462-бекетте кездесіп танысқанбыз. Ол кезде Құлсары белгі беру-байланыс дистанциясында СОБ электромонтері болып қызмет жасайтын.

Кейін мен сол ШЧ11 мекемесіне кадр бөлімінің инспекторы болып келген соң таныстығымыз одан әрі жалғасқан еді. Нұрғазының әкесі Ауданбай Раушанұлы Маңғыстаудың №15 ауылында дүниеге келген екен.

1928-1929 жылдары елге келген сұрапыл аштықтың зардабынан жан-жаққа тарыдай шашылған жұртпен бұл отбасы да ауа көшіп түркімен асады.

Ата-анасы бірдей қайтыс болып жастай жетім қалған Ауданбай елмен бірге күнелтіп, колхозда қолдан келген түрлі қара жұмыстарды істеп жүріп, кәмелет жасқа толады.

Сосын Қызылаяқ машина-трактор станциясында қысқа мерзімді тракторист курсын үздік бітіріп, ауылға келген алғашқы тракторды жүргізген екен. 1939 жылы Айтуған атты қызға үйленіп, 1940 жылы 5 мамыр күні Нұрғазы есімді ұл дүниеге келіп, жас шаңырақты қуанышқа кенелткен.

1941 жылы соғыс басталған кезде-ақ майданға аттанған Ауданбай соғыстың соңына дейін Сталинград атқыштар полкінде соғысқа қатысқан.

Тек 1945 жылдың желтоқсан айында ғана әскер қатарынан босап, гвардия сержанты шенімен елге аман-сау оралған. «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «КСРО гвардияшысы» төсбелгісімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған батыр болып оралған. Сол Қызылаяқ кентінде жүргізушіден бастап, машина-трактор станциясында механик дәрежесіне дейін жауапты қызметтер жасаған. Туған жерге оралуды жылдар бойы жоспарлап жүрген Ауданбай 1961 жылы Түркіменстаннан Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл кентіне көшіп келеді. 1967 жылы баласы Нұрғазының жұмысына орай 462 разъезд орналасқан Құркөлге қоныс аударады.

Сондағы Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясына қарасты 462 разъездің СОБ (сигнализация, орталықтандыру, бұғаттау) учаскесінде Нұрғазы электромонтер болып жұмыс істейтін. Әкесі Ауданбайға ҰОС, еңбек ардагері ретінде разъезде жаңадан салынған көп қабатты үйлерден төрт бөлмелі жайлы пәтер беріледі. Нұрғазы 1960-1963 жылдары Сахалин теңіз флотында әскер қатарында азаматтық борышын өтеген.

Елге келген соң Мақат локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастап, 1966 жылы байланыс-белгі беру саласына ауысып, СОБ электромонтері, электромеханик, аға СОБ электромеханигі болып 20 жыл жемісті еңбек етіп, ол кезде бөлінбеген Атырау мен Маңғыстаудың теміржолына бірдей қызмет көрсеткен. 1988 жылы «Құрметті теміржолшы» атағына ие болған сол өңірдегі санаулы теміржолшының бірі болды.

Нұрғазы Ауданбаевты көз көргендер мен қызметтес болғандар өз кәсібін терең меңгерген маман ретінде ғана емес, жұмысқа аса жауапты қарайтын, дүние күйіп бара жатса да жұмысты бірінші кезекке қоятын керемет еңбекқор жан ретінде еске алады. Түркіменстанда дүниеге келіп, соғыс зардабынан балалық шағының қиын-қыстау кезін жат елде өткізген Нұрғазы ата-бабасының кір жуып, кіндік кескен атамекеніне оралып жұмыс істеп жатқанына шүкіршілік айтатын. Ол теміржол саласына адал еңбек ету – басты міндеті деп білген.

Бекеттер арасын байланыс жүйесімен қамтамасыз етіп, толып жатқан құрылғылар мен бағдаршамдар жұмысын үздіксіз бақылау – айтар ауызға оңай болғанмен қыстың қақаған аязы мен боранды күндері, жаздың аптап ыстығында, күздің желді жаңбырлы қара суығында оңай емес еді, әсіресе СОБ құрылғыларына қызмет етуге кез-келген маманның шыдамы жетпеуі мүмкін.

Сол жылдары осы салада еңбек еткен электромонтер мен электромеханиктер Ж.Есенжанов, Н.Іңірғалиев, А.Сеңгербеков, С.Қартқожаев, Ж.Майлыбаев, Ж.Зарлықовтардың бәрі Нұрғазы сияқты от пен суда шыңдалған мамандар болатын.

Олардың бәрі СОБ құрылғыларының тетігін жетік меңгерген іскер маман ретінде Нұрғазы Ауданбаевты ұстаз тұтқандарын жасырмайтын. 2006 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін алған тағы бір СОБ аға электромеханигі Нұр Қаржауұлы Іңірғалиев Нұрғазы Ауданбаев менің алғашқы тәлімгер ұстазым болды дегенді мақтанышпен айтады. 1967 жылы бастауыш мектеп мұғалімі болған Несібелі есімді арумен бас қосып, өмірге 5 ұл, 4 қыз әкеліп, тәрбиелеп өсірген ол отбасында да жолы болған жігіт еді.

Әттең, 1999 жылы ақпанда, небәрі 59 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды. Біз қазақ «орнында бар оңалар» деген халықпыз. Нұрғазының да, шүкір, артында қалған бала-шағасы асыл азаматтың жақсы атын жалғап келеді.

Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясында еңбек етіп, әке жолымен келе жатқан ұлы Мақсат Нұрғазыұлы қара шаңыраққа ие болып, анасы Несібеліні аялап бағып-қағып отыр.

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН,

Құлсары станциясы 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?