Қозғалыс саласында - 43 жыл

ҚТЖ келбеті
28.12.2020, 19:09
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолына жарты ғасырдан астам уақыт қызмет көрсетіп тұрған Опорная станциясы Маңғыстаудың Бейнеу ауданында орналасқан. 1964 жылы іргетасы қаланған станция түбек теміржолының дамуымен бүгінде қайта дәуірлеуде.

Қазірде станцияның құрамына екі жағындағы 464, 465 бекеттері кіреді. Пойыздарды қабылдап-жөнелтуге арналған 4 жолы, жүктерді тиеп-түсіруге арналған 3 тұйық жолы бар станцияға 6 кірме жол тағы жалғасқан. 

Опорная станциясы мен екі бекетте бес жүк қабылдап-алушы, екі пойыз құрастырушы, екі жүк кассирі, 11 кезекші – барлығы 22 адам теміржолдың бар жұмысын қамтамасыз етіп отыр.

Станция тізгіні көп жылдан бері кәнігі теміржолшы Мұртаза Алдоңғаровтың қолында. 

– Бізден тиелетін жүктің негізін газ-конденсат, мұнай өнімдері құрайды. Махамбет, Қазақстан станцияларына жібереміз. Бұрын шетелдерге күніне 30-40 вагон мұнай жіберетін едік. Станцияның техникалық мүмкіндігі шектеулілігіне қарамастан еңбек қауіпсіздігін, маневрлік құрамалардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып күніне 80-90 вагонға дейін түсірген кездеріміз болды, – дейді станция басшысы.

Мұртаза Күмісбайұлы теміржолдағы еңбек жолын 1976 жылы бастаған. 1958 жылы Құлсары кентінде туған Атыраудың тумасы Маңғыстау теміржолына 1979 жылы келіпті. Оған дейін Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер болған. 1979 жылы Батыс Қазақстан темір жолы Гурьев бөлімшесінің Опорная станциясына пойыз құрастырушы болып орналасқан. 1987 жылдан Қаркөл станциясына кезекші болып ауысады. Кейін Опорная станциясына кезекші болып қайта келген. Алдымен Гурьев темір жол техникумын, кейін Ақтөбедегі Қазақ қатынас жолдары университетін сырттай оқып бітірген. 2007 жылы Опорная станциясының бастығы болып тағайындалып, күні бүгінге дейін жемісті еңбек етіп келеді. 

− Сол жылдары станцияда жұмыс қауырт болды, жан-жаққа, Украинаға, Финляндияға айына 700-800-дей мұнай тиелген вагондар жіберетінбіз. 2012 жылы денсаулығыма байланысты сұранып станция кезекшісі жұмысына ауыстым. Өткен жылы басшылыққа қайта келдім, – деген Мұртаза аға жұмысын алғаш бастаған жылдардан қызықты естелік айтып берді. 

− Пойыз құрастырушымын. Қыс айында совхоздың тұйық жолына 10 бос платформа беру керек болды. Ол кезде СМУ-дың вагон қалашығы қай жерде жұмыс бар, сол жаққа көшіп жүре беретін. Бізде тұрған «Московский» СМУ көшпекші болып, тез арада вагон беріңдер деген нұсқау келді. Сол вагондарды совхоздың тупигіне тепловоздың алдына салып итеріп келе жатырмыз, өзім бірінші вагондамын. Қыс қатты қаһарлы, қар қалың еді. Тұйық жол ұзын. Ортасына жақындағанда вагондар біртүрлі селкілдей бастады. Қарасам, 7 вагон жолдан шығып кетіпті. Қардың үстімен келе жатыр. Енді не істеу керек? Ол жерге автокран келе алмайды. Тұйық жолдың бір жағы щебень түсіру үшін қазылған оршұқыр. Екінші жағы басты жол. Қардың өзін тазалау екі күндік жұмыс. Не болса да тәуекел деп составты осы қалпымен кейін қарай тартуға оқталдым. Машинистке ақырындап кейін жүр деп жалаумен команда бердім, «өте жай» деп көрсетіп қоямын. Тепловоз артқа қарай тарта бастады. Мен тұрмын вагондардың доңғалағын бақылап. Қыстың күшті аязы, қардың қалың болуы және арасында сәл жібіп қайта қатуынан болар, вагондарым сол түскен күйімен қайта жүріп барып рельске мінді. Қуанғаннан қарға аунадым-ау…

Ертесіне бастығымыз шақырды, ұрса ма десем, алғыс айтты. «Кеше сені жалғыз жіберіппін, қар қалың, ескертуім керек еді. Сол сәтте бірден-бір дұрыс шешім қабылдағансың. Егер вагондар уақытында берілмей қалғанда, мына «мәскеуліктер» партия тапсырмасын орындамадыңдар деп бәрімізді құртатын еді деді», – деп сонау жиырма бес жасар жігіт кезінде бастан кешкен оқиғасын әңгімелеп күліп алды теміржолшы аға.

Бүгінде теміржолшы әулетінің негізін қалаушы «ақсақал» атанған Мұртаза Алдоңғаровтың екі ұлы да теміржолшы, бірі – бекет кезекшісі, екіншісі – байланыс механигі. 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді