Мұхаметжан Тынышпаев рухына тағзым

ҚТЖ келбеті
31.05.2021, 11:25
Оқуға 2 мин
12 мамыр қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың туған күні. Алматыда Алашорда қозғалысы көсемдерінің бірі болған қайраткерді еске алу шарасы өтті. М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясында өткен шараға қатысушылар Тынышпаев ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Сонау Америкадан арнайы келген ұлы Дәулет Шейх-Али Тынышпаевпен кездесу өтіп, алаштың арда азаматының өмірі мен өлмес мұрасы жайлы естеліктер айтылды. Тынышпаевтың аты Түрксіб темір жолының құрылысымен қатар аталады. Оның себебі де жоқ емес, қазақ даласына өткен ғасырдың отызыншы жылдары тартылған шойын жол құрылысында оны жобалаушы авторлардың бірі Тынышпаевтың еңбегі ерен. Әуел баста жобаланғандай, Қордай емес Шоқпар вариантын таңдау арқылы ұлы құрылыстың мерзімінен бір жыл ерте бітіп, 25 млн рубль үнемделгені – дәлелденген шындық. Бүгінгі Алматы-1 вокзалының орнын таңдауда да Тынышпаевтың жобасы жүзеге асқан. Бұдан бөлек, Түрксіб – құрылыстың инеженерлік инфрақұрылымдық нысандарын жобалау мен орналастыруда өлшеусіз еңбек сіңірген алаштың арда ұлының халқына қалдырған ескерткіші сынды. «Әкем менің инженер болғанымды қалады, бала кезден анам сәт сайын құлағыма құйып отырған осы аманатты мен орындап шықтым», – дейді мұнай-газ саласында үлкен жетістікке жеткен белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Али. Академияда өткен басқосуда Тынышпаевтың бүгінгі ізбасарлары, инженерлік технология саласына еңбегі сіңген бір топ ғалымды марапаттау рәсімі де өтті. – Қазақтың тұңғыш теміржол инженерінің есімін ұлықтау шаралары жалғасып жатыр. Жуырда жаңа документальді фильм түсіру жұмыстары басталды. Биылғы 142 жылдығына орай туған жерінде мұражай, ескерткіш ашылады деп күтілуде. Жасы тоқсанға келген Дәулет ағамыз бүгінде Америкада тұрады, пандемияға қарамастан екі рет вакцинасын алып, осы сапарға ерте көтемнен дайындалып, міне, бүгін ортамызға аман-есен жетіп отыр, туған топырағында әке рухына тағзым етуді өзінің азаматтық борышы санайды, – дейді Тынышпаевтың жиен немересі Нұршакен Жүнісқызы.
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды