Күніне 20 шақты пойыз тексеріп қарайды

ҚТЖ келбеті
04.06.2021, 10:55
Асхат Райқұл

Жамбыл вагон пайдалану депосының Шу теліміндегі шебері Жанарбек Көпеков «Қазақстан темір жолы» компаниясының жұмыс сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өзіндік құндылықтары бар дейді. Олар ең алдымен қауіпсіздік техникаларын сақтау, көшбасшылыққа ұмтылу, қай істе де белсенділік таныту, мамандығымен мақтану және жоғары деңгейдегі жауапкершілік дегенге саяды. Айтуынша, бұл құндылықтар компанияның әрбір қызметкеріне таныс, компанияның әрбір теміржолшысы ұстанады, әрбірінің күн сайынғы қағидаты. «Біздің корпоративтік құндылықтарымыз компания теміржолшыларының 70 пайызына мәлім. Бұл арнайы сауалнама барысында анықталыпты. Бұл дегеніміз, әріптестеріміздің дені өздерінің мамандықтарына адал, біліктіліктері жоғары деген сөз. Мәселен, ай сайынғы зерделеу қорытындысына сәйкес менің қарамағымдағы вагон қараушы Айбек Нұрмахан үздік деп танылды. Бұл – оның ғана емес, біздің барлығымыздың абыройымыз», – дейді шебер. Оның айтуынша, Айбек Мейірханұлының вагон ақауын байқамай немесе білмей қалған кезі жоқ десе де болады. Соңғы рет өткен аптада Шу станциясына тоқтаған жүк пойызынан, вагонның бүйірлік жақтауынан қауіпті сызатты анықтап, үлкен шығынның алдын алған. Айбек Нұрмахан ұзын бойлы келген, қуатты, нағыз теміржолшы болу үшін жа- ралғандай жігіт екен. Көп сөйлемейді, істің адамы. Жамбыл депосының Шу телімінде 2012 жылдан бері вагон қараушы болып қызмет етіп келеді екен. «Осы Шу қаласында өстім, темір жолдың бойында балға ұстап жүргеніме тоғыз жылға таяпты. Осы уақыт аралығында көп ақау- ларды таптық қой. Қайсыбірін сөз етейін. Ең бастысы, олар менің міндетім емес пе? Несіне оны жаһанға жар саламыз?», – дейді қипақтаған күйі. «Сол күні Шу қаласындағы Қант зауыты маңындағы теміржолға келіп тоқтаған жүк пойызын қарап жүрген болатынмын. Әдеттегідей, болат доңғалақтарды тексердім алдымен. Бүйірлік жақтауларын қарадым. Бір уақ балғамның үні өзгеше шыққанын аңғарып, қайтадан ұрғылап көрдім, жал- ма-жан әлгі тұсқа айнамды қойып, мұқият тексердім. Вагонның бүйірлік жақтауы бірнеше жерден жарылыпты», – деді сол күнгі оқиға жайлы. Бекітілген тәртіпке сәйкес, ол ақау жай- ын аға тексеруші Жалғас Байсейітовке хабарлайды. Ол арнайы хаттама толтырып, құжаттарын ретке келтірген соң, ол вагон құрамнан ағытылып, жөндеушілерге жіберген. «Күн сайын 20 шақты пойыз құрамына тексеру-қарау жұмыстарын жүргіземіз. Кезекшілікте екі бригада жүреміз, бұл дегеніңіз – екі-екіден төрт адам. Алайда соңғы күндері біз бір жарым бригадамен жұмыс істеп жүрміз. Өйткені, бір әріптесіміз ауруханада, тағы бірі кезекті еңбек демалысында. Мұндай кезде жауапкершілігіміз еселене түседі, десе де шыдауымыз керек», – дейді Айбек Мейірханұлы. Ол жақында вагон қараушылардың бірі Жасұлан Өмірбеков те ақау тапқанын айтты. «Әріптестерімнің осалы жоқ, шетінен мамандығын жоғары деңгейде игергендер» деді А.Нұрмахан мақтанышпен. Ал Жасұлан Айбектен көп нәрсе үйренгенін жеткізді.

«Рас, Айбектің жұмыс тәжірибесі он жылға жетер-жетпес. Алайда, ол алдыңғы буыннан көп дүниені бойына сіңіріп қалған. Өйткені, Айбек зейнетке шыққан ағаларымызбен бірге жұмыс істеп үлгерді. Мен мұны буын сабақтастығы деп санаймын. Бұл – теміржол саласында аса маңызды нәрсе», – дейді Жасұлан Өмірбеков.
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?