Бейнеулік вагон қараушы қауіпті ақау тапты

ҚТЖ келбеті
22.06.2021, 10:41
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық вагон қараушылардың қырағы көзінен тыс қалатын ақау жоқ. Жуырда тағы біреуі тіркелді. Қауіпті ақау бұл жолы бейнеулік вагон қараушы Жексенбай Саулеевтің назарына ілікті. 16 маусым күні Бейнеу станциясында бірінші жолға тоқтаған №2769 тақ пойызына техникалық қызмет көрсету кезінде ол, 27 кодты №580 059 76 вагонның букс торабынан ақауды анықтады. Аталған вагон қазақстандық «UNIVERSAL LOGISTIK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Деполық жөндеуден 2019 жылдың шілде айында шыққан. Ақтау порты станциясынан Бурабай станциясына бағыт алған бос вагон екен. − Жексенбай Саулеев өзінің міндетін жүзеге асыру барысында букс торабын балғамен тексеріп жатып, дауысы әдеттегіден өзгешелеу шығуына ерекше назар аударады. Букс торабының қақпағын ашып қараса, полиамидті сеператор тұйықтағышы сынған екен. Сыну көлемі 30 миллиметр шамасында. Бұл Жексенбайдың биылғы жылы тапқан бірінші ақауы болса, жалпы бейнеулік вагон қараушылар анықтаған он бесінші жағдай. Бұған дейін көбіне бүйірлік рама, автотіркеме бойынша ақаулықтар кездесетін. Ал мынадай ақаулық пойыз кіріп келген кезде КТСМ құрылғысында да білінбейді, қызу болмайды. Оны тек буксты ұрып көріп, мұқият бақылаудың арқасында байқауға болады, – дейді бұл жөнінде Бейнеу станциясындағы ТҚКП бастығы Нұралы Қыличев.

Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды