Марапатқа лайық майталман

ҚТЖ келбеті
28.06.2021, 09:48
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Рабат Сембіұлы 1991 жылы Мәскеу-Алматы бағытындағы №8 жолаушылар пойызының вагонынан жолаушылар өміріне және қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін аса күрделі ақау тауып, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен және 1996 жылы ҚР Президентінің арнайы қаулысымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Бүгін 60 жасқа толып отырған теміржолшыны депо ұжымы мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Депо бастығы Арғын Орымбаев мерейтой иесінің еңбек жолын әріптестеріне насихаттап, тәжірибесін үлгі етті. – Рабат Сембіұлы 1982 жылдан бастап Қазалы вагон пайдалану депосында жылжымалы құрамдардың жөндеушісі болып жұмыс істейді. Құрметті теміржолшылар Михайл Акимов пен Келімбай Берімбаев сынды майталмандардан дәріс алғанын мақтанышпен айтады. «Сол ағалардың жанында жүріп вагон қа- раушы-жөндеуші мамандығының қыр-сырын үйрендік, 1987 жылы депо мені Мәскеу қаласында іс-тәжірибеден өтуге жіберді. Сол жылдары кеңес одағына аты шығып тұрған М.Батин, В.Басалаев тәжірибелерін меңгеріп, тәжірибе жинақтадық. Ол да бір керемет кезеңдер еді, бүкіл бауырлас елдерден жиналған теміржолшылар бас қостық» деп өткен күндерден естелік шертті мерейтой иесі. Арғын Орымбаев мерейтой иесінің кезінде майталман теміржолшылардан алған сабағы өз ісінің шебері болуға жол ашып қана қоймай, деподағы жас буынды тәрбиелеуде де үлкен ролі болғанын атап өтті. «Сіз біздің мақтанышымызсыз, депо абыройысыз. Әлі де талмай еңбектеніп, деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын» деген депо бастығы мерейтой иесінің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Кәсіподақ ұйымы төрағасы Бақытжан Ибраимов та бағалы сыйлық табыс етті. Өз кезегінде мерейтой иесі ұжымдастарына алғысын айтып, алдағы уақытта да депоның абыройын асқақтатып, мерейін үстем етуге атсалысатынын білдірді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда