Батыс Қазақстан теміржолшыларының ұстазы 70 жасқа толды

ҚТЖ келбеті
13.07.2021, 13:36
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолының тарихында өмір жолы осы саламен қатар өрілген жандар аз емес. Солардың бірі Батыс Қазақстан теміржолшыларының ұстазына айналған Құрметті теміржолшы Қанат Әлдебайұлы Әлмаханов 70 жасқа толып отыр. Саналы ғұмырының 40 жылдан астамын локомотив саласына арнаған «Құрметті теміржолшы», «Үздік басшы» белгісінің иегері Қанат Әлдебайұлы 1951 жылы 15-шілдеде Қызылорда облысының Қазалы станциясында нағыз теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Себебі, бұл – бір әулеттен төрт бірдей «Құрметті теміржолшы» шыққан атақты династия. Үлкен атасы Әлмақан Ырғызбаев паровозда от жағушы болып 40 жыл еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған екен. Әкесі Әлдебай Әлмақанов бірінші класты тепловоз машинисті болған. Салада 41 жыл еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. «Бір бала әкеге жете туады, бір бала әкеден өте туады» деген халық нақылы Әлмақановтар әулетіне айтылғандай. Теміржолшылар әулетінен шығып, әке жолын абыроймен жалғаған Әлдебай ақсақалдың екі ұлы да «Құрметті теміржолшы» атанды. Әскербек Әлмақанов Қазалы локомотив депосында 39 жыл тепловоз машинисі болса, Қанат Әлмақанов – еңбек жолын машинистен бастап Батыс Қазақстан теміржолы басқармасы локомотив шаруа- шылығы қызметінің басшысы лауазымына дейін өсті. Қанат Әлдебайұлы локомотив шаруашылығын майталман мамандар ұстаханасына айналдыра білген тұлға ретінде танымал. 1972 жылы әскери борышын өтеп келген соң Арыс теміржол техникалық мектебінде машинист мамандығын алып, 1974 жылдан бастап тепловоз машинисі болып еңбек жолын бастаған ол 1980 жылы Ақтөбе локомотив депосына ауысады. 1981 жылы Алматы көлік инженері институтын инженер-механик мамандығы бойынша сырттай оқып бітіріп, локомотив қабылдаушы қызметіне ауысады. 1983 жылы депо бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1985 – 1987 жылдар аралығында депоның бас инженері болды. 1987 жылы Ақтөбе теміржол бөлімшесінде локомотив шаруашылығы бөлімінің бастығы, 1992 жылы Қызылорда теміржол бөлімшесінің бас инженері, 1994 жылы Батыс Қазақстан теміржолының локомотив шаруашылығы қызметінің бастығы, 1998 жылы «ҚТЖ» РМК Локомотив шаруашылығы департаменті бастығының Батыс аймақтағы орынбасары, 2000 жылғы қазаннан бастап, Ақтөбе локомотив жөндеу депосының директоры, 2002 жылы «Локомотив» АҚ Батыс аймақтық өкілі, 2004 жылдан бастап Ақтөбе локомотив пайдалану депосының бас инженері болып қызмет етті. 2012 жылы Ақтөбе бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас ревизоры, ал 2015-2017 жылдары кәсіподақ төрағасы болып зейнет демалысына шықты. «Қанат Әлдебайұлы аймақтағы барлық локомотившілерге бағыт беруші ұстаз бола білген ағамыз. Ортақ іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын іскер, білікті, талапшыл азамат. Бүкіл өмірін теміржолға арнап, осы саланың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан абыройлы басшы болды», – дейді Ақтөбе локомотив пайдалану депосының басшысы Нұрлан Көшербаев. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесінің басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы және өңірдегі локомотив шаруашылы- ғының үлкен ұжымы Құрметті теміржолшы Әлмаханов Қанат Әлдебайұлын 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, тарлан теміржолшыға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына ынтымақ пен береке тілейді.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты