Темір жолда 44 жыл еңбек еткен кәнігі маман 60 жаста

ҚТЖ келбеті
26.07.2021, 08:18
Ғасырдан астам тарихы бар Шалқар локомотив жөндеу депосы бүгінгі күнде замана көшінен қалмай, технологиялық процестерді жетілдіруге өз үлесін қосып келе жатқан іргелі мекеме. Бүгінгі таңда 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр- ған депо ұжымы дамудан кенжелеп қалмай, өндіріске озық технологияларды енгізіп, соған орай жоғары марапаттарға ие болып келеді. Атап айтар болсақ «Қамқор менеджмент» ЖШС және «Дженерал электрик» компаниясымен бірге барлық деполар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау, тепловозды ақаусыз жөндеу, цехтардың тазалығы т.б. саладағы жетістіктері салыстырмалы сараланып, нәтижесінде ұжымға «Алтын каска» сыйлығы табыс етілді. Ұжым еңбегінің жоғары бағалануы оларға жаңа серпіліс, тың талпыныс сыйлады. «Қамқор менеджмент» экологиялық қайта жаңғыруы бағдарламасы аясында қалада «Kamkor Park» акциясына қатысып, теміржолшылар паркі ішіне 300 түп шырша, қарағай отырғызып, теміржолшылардың демалып серуендеуіне ықпал етті. Ұжым аудандағы іргелі мекеменің бірі болғандықтан қалада өткізілген қайырымдылық шараларында да белсенділік танытып, мұқтаж жандарға материалдық көмектер ұйымдастырып, халықтың ықыласына бөленіп басқа теміржол мекемелеріне үлгі болып келеді. Осындай жетістіктерге жетіп отырған мекемені басқарып отырған, 44 жылдан бері еңбек жолын тек осы мекемеде өткізіп келе жатқан, тепловоз жөндеуші болып бастап, депо директоры қызметіне дейін көтерілген Нұржан Жұбатов шілденің 26-да асқаралы 60 жасқа толғалы отыр. Өзінің көп жылғы тәжірибесін ұжымда тәртіпті сақтау, жастарды кәсіби тәрбиелеуге арнау, ардагерлерді құрметтеу сынды ұлағатты іске жұмылдырып, нәтижесінде жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізуде депо басшысының ерен еңбегі жатқандығы анық. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз, қашан да жақсы істің жаршысы болып, өндірісті өрге сүйретуде талмай ізденісті серік еткен Нұржан Үбайдуллаұлына депо өміріне әлі де тың жаңалықтар, үлкен жетістіктер әкелетініне сенім білдіріп, мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы бақытын тілейміз.

Темірхан ҚАДЫРОВ, құрметті теміржолшы, Шалқар станциясы

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты